ДИКТОР: Қазақстан халқының бірлігі күні Көкшетауда кең көлемде аталып өтті. Жаңа жағалауда ұйымдастырылған open-air форматындағы мерекелік шараға қала жастары мен қонақтары жиналып, ашық аспан астында ауқымды концерт өтті. Бірлік пен достықтың жарқын көрінісіне айналған кеш туралы тілшіміз баяндайды.

РКС: Бұл кештің жоғары деңгейде өтуіне 19 демеуші үлес қосқан. Олар мерекелік шараның мазмұнын байытып, ұйымдастыру жұмыстарының сапалы өтуіне қолдау көрсетті. Шара барысында Көкшетау қаласының белсенді жастары өз өнерлерін паш етті. Әсем ән мен мың бұралған би кештің ажарын аша түсті.

 ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл мерекелік кешке «Respublica» партиясы да қолдау білдіруде. Биыл Қазақстан Жастар ұйымдарының альянсына 21 жыл толып отыр. Осы атаулы күнді Бірлік күнімен ұштастыра отырып, жастардың басын қосып, ерекше форматта атап өтудеміз.

РКС: Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, кешке жиналған халықтың қарасы қалың. Дауыл да, жаңбыр да олардың көңіл күйін түсірген жоқ. Керісінше, жиналған жұрттың бірлігі мен мерекеге деген ықыласы ерекше сезіліп тұрды.

СНХ: АРУЖАН ҚҰЛАМЖАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күн маған өте қатты ұнады. Би де, түрлі ойын-сауық бағдарламалары да керемет өтті. Барлығы тамаша болды. Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

СНХ: ПЕРИЗАТ ЖАНӘДІЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Неше түрлі ойындар ойнатып жатыр. Арман мақсаттарымызды жазып, арман ағашына іліп жатырмыз. Неше түрлі лотореялар ойындар ойнатылып жатыр.Бірлік күні құтты болсын. Еліміз көркейіп, жайнай берсін.

РКС: Кеш барысында көрермендердің қызығушылығын арттыра түскен лотерея ойындары ұйымдастырылып, қатысушыларға түрлі бағалы сыйлықтар да табысталды. Ашық аспан астында өткен бұл думанды кеш көпшіліктің жадында сақталары сөзсіз.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ