ДИКТОР: Ақмола облысы еліміздің агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жобаның бастауына куә болды. Аршалы ауданындағы инвестициялық аймақта ресми түрде астықты терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы қолға алынып, тиісті инвестициялық келісімге қол қойылды. Жобаны «Азия Алтын Дән» серіктестігі жүзеге асырады.

РКС: Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы астықты терең өңдеу саласындағы ауқымды, стратегиялық маңызы жоғары жобаның бірі. Жаңа өндіріс кешені іске қосылған кезде мыңдаған адамды жұмыспен қамтылмақ. Сонымен бірге қосымша құны жоғары өнім өндірісі еселеніп, экспорт әлеуеті артпақ. Жоба аясында астықты терең өңдейтін заманауи зауыт салынады. Өңдеу қуаттылығы кезең-кезеңімен ұлғайтылып, 1 миллионнан 3 миллион тоннаға дейін жеткізілмек. Құрылыс үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Басқа жобаларға қараған кезде бұл жобаның тиімді ерекшеліктері бар. Өйткені бұл Астана агломерациясына кіреді. Бұл кісілердің өндірісі республикалық индустриялық аймақтың шеңберінде жасалып жатыр. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бақылауында. Біз осы жұмысты қарқынды жүргізуіміз керек.+скл+Біздің тарапымыздан барлық жағдай жасалады. Біз өзіміздің серіктестігімізді әрі қарай жалғаймыз.

РКС: Қазақстанда жалпы қуаты 510 мың тонна болатын астықты терең өңдейтін 3 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл зауыттар крахмал, глютен және өзге де өнім түрлерін шығарады. Сондай-ақ елде жыл сайын 26-27 млн тонна астық өндіріледі. Оның 15,3 млн тоннасы экспортқа жөнелтіледі. Ендігі мақсат – сол өнімнің елеулі бөлігін ел ішінде қайта өңдеуге бағыттау.

СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Бұл жерде енді айта кету керек, басқа мемлекеттерде де бидай шығаратындар бар ғой, бірақ бізге мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторларға инвестиция тартуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан бүгін келісімге қол қояйық деп отырмыз. Сол келісімнің ішінде бүкіл преференция, налогтан 10 жылға дейін босату, басқа да қажеттіліктер, барлығы қарастырылған. Барлығы сіздерді қолдау үшін жасалып отыр. Сондықтан мен ойлаймын жақсы жоба, біз қолдаймыз. Облыс әкімімен бірге осы жұмысты жалғап, жеткіземіз.

РКС: Инвесторламен жұмыс шамамен 1,5-2 жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде компания инвестициялық келісімнің барлық тетігін, технологиялық шешімдер мен соңғы өнім түрлерін жан-жақты пысықтап келді. Өңдеу процесі заманауи ферментация технологиясы арқылы жүзеге асып, нәтижесінде жоғары қосымша құны бар өнімдер өндіріледі.

СНХ: Ю ЮФЭЙ, «АЗИЯ АЛТЫН ДӘН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бірінші кезеңде біз 1,5 миллион тонна бидайды терең өңдеуді жоспарлап отырмыз. Негізгі өнім ретінде глутамин қышқылын өндіру көзделген. Өндіріс барысында алынатын қосымша өнімдер, шамамен 250 мың тонна көлемінде, толықтай ішкі нарыққа бағытталады. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бастамаларын қолдауға мүмкіндік береді.

РКС: Кездесу соңында тараптар өзара келісімге қол қойып, жобаны іске асыру жұмыстарына ресми түрде жол ашты.

ИНТЕРШУМ:

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ