ДИКТОР: Қазақстанда ішкі істер органдарында шамамен 16 мыңға жуық әйел адам бар. Олардың 600-800-ден астамы басшылық қызметтерді атқарады, ал енді бірі тіпті СОБР сияқты элиталық арнайы күштер бөлімшелерінде еңбек етеді. Қазақстан полициясында 12 мыңға жуық әйел жұмыс істейді, оның 600-ден астамы басшылық қызметте. Ақмола облысында құқық қорғау органдарында 300-ден астам әйел бар. Олар полицияның түрлі бөлімшелерінде жауапты қызметтерді атқарып, ерлермен қатар жұмыс істейді. Заң саласындағы жауапты қызметтердің 60 процентінде қыз-келіншектер.

РКС: Он жылдан астам уақыт Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел-криминалистика бөлімінде жұмыс істеп келе жатқан аға криминалист, полиция майоры Ботагөз Хамитова үшін аса жауапты қызмет. Өз ісінің білгірі бұл жолда жинақылық, ұқыптылық, табандылық аса қажет дейді. Криминалистің үнемі қолында жүретін әмбебап шабаданында іздерді табуға, тіркеуге және алуға арналған арнайы құрал-жабдықтар жиынтығы болады. Бұл маманның басты қаруы – қылмыс орнындағы көрінбейтін кішкентай детальдарды көзден таса қылмай, нақты айғаққа айналдыратын дәлдік пен арнайы техника.

СНХ: БОТАГӨЗ ХАМИТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКА БӨЛІМІНІҢ АҒА КРИМИНАЛИСТІ: Криминалистің негізгі міндеттері қылмыс болған жерді қарау, оқиға орнын тексеріп, саусақ іздерін, аяқ киім іздерін, қан дақтарын және басқа да айғақтарды табу. Табылған айғақтарды зерттеу арқылы сараптама қорытындысын жасап, қылмысты ашу.

РКС: Дәмегүл Шәшкенова құтқарушы медбике. Ол Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағында қызмет етеді. Жылдың он екі айында бұл маман иелерінде тыным жоқ.

СНХ: ДӘМЕГҮЛ ШӘШКЕНОВА, ҚҰТҚАРУШЫ МЕДБИКЕ: Менің негізгі қызметім тәңертең жеке құрамның денсаулық жағдайын тексерем. Олардың артериалдық қысымын тексерем, температурасын тексерем, құтқарушылармен выездға шығып, квартирада қалып қойған үлкен кісілерге біздің құтқарушылар есік ашады. Мен медбике болып оларға көмек көрсетемін. Құлап қалған аталар, әжелер, әр түрлі жағдайлар болады, дәрігерге дейін көмекті көрсетемін.

РКС:Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясында қыз балалар да оқиды. Келесі жылы қолдарына дипломдарын алады. Құтқарушымамандығын таңдап алған олардың жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, жігіттермен бірге қатаң тәртіпке көндігіп, қаталдық пен жігерлілікті бойына сіңіріп жүргендері бірден көзге шалынады.

СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ШАМҰРАТОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Біз болашақта елімізді және де азаматтарды қорғауда мойнымызға жауапкершілік аламыз үлкен. Мен осы мамандықты таңдаған себебім, еліме адал қызмет ету үшін және адамдарға көмек қолын созу үшін.

СНХ: АЛЬБИНА АЮПОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Бұл академияның оқытушылық құрамы және офицерлік құрамы жоғары деңгейде сабақ береді және нағыз маман иесі, әр білімді судай сіңіріп аламыз.

РКС: Қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелерді шешуде қырағылық танытып жүрген қыз-келіншектердің қайсарлығы мен батылдығына қарап таң қалмасқа болмайды. Олар Отанды қорғау жолында де еш тайынбасы анық. Күнделікті қызметін адал атқару арқылы да туған еліне қызмет етіп келе жатқанының өзі бір ерлік.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ