ДИКТОР: Облыста бесінші рет «JasSkills Aqmola-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. 12 мен 17 жас аралығындағы 130-ға жуық қатысушы бір алаңға жиналып, түрлі мамандық бойынша өз дағдыларын көрсетуде. Бұл байқау оқушыларға түрлі кәсіппен тәжірибе жүзінде танысып, өз жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді. Біздің түсірілім тобы жарыстың қалай өтіп жатқанын білді.

РКС: Оқушылар робототехника мен 3D модельдеуден бастап зертханалық химиялық талдауға дейін 11 бағыт бойынша бақ сынауда. Биыл пәндер тізімі кеңейтілді. Енді қатысушылар кәсіпкерлік, дизайн және киім модельдеу, қыш өнері, тіпті жасанды интеллектпен жұмыс істеу бағыттарында да өздерін көрсете алады.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚҰРМАНҒАЗЫ, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ: Бұл жарыста мен мобильді робототехникадан жарысын ұйымдастырушымын. Бұл жарыста 3 негізгі поле бар. Бұл жарыста кегіндерді шығару керек, линиядан өту керек және де жүкталып, екінші орынға жеткізу қажет. Бұл жарыс жыл сайын өткізіледі. Бұл жарысты өткізу үшін біз балаларды дайындалып, бұл жарыстың қатысады.

РКС: Байқауға қатысушылар чемпионаттың оларға берері мол екенін айтады. Ең бастысы таңдалған мамандықтың қаншалықты маңызды екенін айғақтай түседі. Екіншіден, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, болашақ мамандықтың талаптары туралы жалпы ақпаратты білуге ынталандырады. Мәселен, Никита Полынин бұл байқаудың маған берері мол,-дейді.

СНХ: НИКИТА ПОЛЫНИН, «JASSKILLS AQMOLA-2026» ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУШЫ: Бұл байқауға осымен төртінші жыл қатарынан қатысып жатырмын. Алғашқы үш жылда бірінші, екінші және үшінші орындарды еншілеген едім. Осы байқау арқылы өзімнің өскенімді байқаймын. Алға жылжуыма көп септігі тиді. Робототехникадан көптеген байқауға қатысып, жаңа белестерді бағындырдым, білімімді молайттым. Инженерлік дағдыларды дамытады. Болашақта инженерия және бағдарламалау мамандығына түскім келеді.

РКС: Чемпионат екі кезеңнен тұрады. Аудандық іріктеуден өткендер, облыстық кезеңге жолдама алды. Байқапуға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар мен болашақ жұмыс берушілер бағалап жатыр. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ