ДИКТОР: Елімізде мемлекеттік тілді үйренуге құлшынысы жоғары өзге ұлыстың балалары көбейіп келеді. Қазақ тіліне деген құрметі отбасынан бастау алған балалардың қатарында қазақ мектептерінде білім алып жатқандары да бар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: 2-ші сынып оқушысы Ольга Ващенконың сәби кезінде-ақ тілі қазақша шыққан. Ата-анасы балақайдың «Балапан» телеарнасын сүйіп қарайтынын байқап, қазақ балабақшасына, кейін қазақ сыныбына берген. Еңбектері еш кетпеді. Ольга - озат оқушылардың бірі.
СНХ: ОЛЬГА ВАЩЕНКО, №21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 2-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Мен қазақша әнді жақсы көремін және домбыра үйірмесіне бардым. Мен үйде «Балапан» арнасын қараймын.
РКС: Хаджимурат Яндиевтің ұлты - ингуш. Ол қазақ достарының арқасында мемлекеттік тілді тез үйреніп алған. Қазір орыс мектебінде оқығанмен, араласатын ортам қазақ,-дейді. Достарымен етене араласып, еркін сөйлеу үшін қазақ әдебиетін де оқып жүр.
СНХ: ХАДЖИМУРАТ ЯНДИЕВ, №13 «ЭКОС» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Басында үйрену қиын болды. Грамматикадан көп қиындықтар болды. Бірақ уақыт өте келе тілді үйрену және түсіну оңай болды. Әр азамат қазақ тілін білуі керек, бұл біздің ортақ міндетіміз.
РКС: Қазақ педагогикалық колледжінде оқитын Карина Егорова интернационал отбасынан шыққан. Десе де, қазақшаға судай.
СНХ: КАРИНА ЕГОРОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Әкем өзге ұлт өкілі болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Жалпы, үйде қазақ тілінде отбасымызбен сөйлейміз. Үйде бізде 4 бауырым бар. Бәріміз қазақ тілінде сөйлейміз, қазақ тілінде оқимыз.
РКС: Қазақ педагогикалық колледжінің түлегі Анастасия Кравченко өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүр. Оның айтуынша, мемлекеттік тілді үйрену үшін алдымен ауызекі сөйлеуге ерекше күш салу керек.
СНХ: АНАСТАСИЯ КРАВЧЕНКО, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Менің курсыма, орыс тілді жас балалар болса да келеді, үлкен кісілер де келеді. Тілге қызығушылықтары байқалады. Өйткені, олар дүкенге барған кезде, өзінің әріптестерімен диалог кезінде тіл өте қажет./
РКС: Бүгінде облыс бойынша өзге ұлыстың 740 оқушысы қазақ сыныптарында білім алып жүр. «Тілі бірдің – тілегі бір» демекші, бұл үрдіс ел бірлігін нығайта түседі,- дейді ұстаздар да.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ