ДИКТОР: Көкшетауда «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты тағылымды шара өтті. Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесуге шаhардағы колледж студенттері қатысты. Шараға келгендердің басым бөлігі - ер балалар.
РКС: Жастарға Отанға қызмет етудің терең мәнін ұғындыру, туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру шараның негізгі өзегіне айналды. Шараға қонақ ретінде шақырылғандар өздерінің өмір жолындағы оқиғаларымен бөлісті. Олар әскери қызметтің міндет қана емес, үлкен абырой мен ерлікке толы жол екенін атап өтіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сарбаздардың роліне тоқталды. Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі әке мен ананың орны, ер азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі кеңінен қозғалды.
СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ӘСКЕРИ КАФЕДРА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің Қарулы Күштердің құрылғанына биыл 34 жыл. Біздің әскерлеріміз өзіміздің Қазақстанда ғана қызмет атқарып, елді қорғап жатыр. Біздің тарихымыз мықты. Міне ата-бабаларымыз бізге аманат қылып осы елді қалдырды. Солардың арқасында Ұлы Жеңіс күнін тойлайтын боламыз, Отан соғысы Жеңіс күні. Соның арқасында жасөспірім балаларды, Отан қорғаушыларды тәрбиелеудеміз.
РКС: Студенттер ашық әрі еркін форматта пікір алмасты. Тұшымды ой түйіп, болашақта ел игілігі үшін еңбек етуге дайын екендерін білдірді.
СНХ: АРАЙЛЫМ ӘКІШЕВА, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Өрт сөндіру қызметі – бұл тәртіп пен жауапкершілікке негізделген сала. Біз басқа әскери қызметкерлер сияқты өз Отанымызды қорғау жолында еңбек етеміз. Бұл қызмет өрт және басқа да төтенше жағдайлармен тығыз байланысты. Мен конференцияда айтылған пікірлерді қолдаймын. Ер азаматтар ерлік танытып, барлық іске байыппен қарауы керек деп есептеймін. Өйткені бұл – Отан үшін, ел үшін маңызды. Әркім өз Отанына деген құрмет пен адалдықты сақтауы қажет. Біз де ер азаматтармен бірге өз ролімізді атқарып келеміз.
РКС: Мұндай шаралар алдағы уақытта өзге де оқу орындарының студенттеріне ұйымдастырылады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ