ДИКТОР: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясында өткен дөңгелек үстел басындағы кездесуде жаңа Конституция мәтінінің негізгі тұжырымдары талқыланды. Бұл басқосу «Конституция – барлығы үшін ортақ үй» деген тақырыпта өтті. Ұсынылып отырған Негізгі заң этносаралық қатынастарды ескере отырып қаралды. Кездесуге өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
РКС: Облыстық әділет департаментінің өкілі жиналғандарға ұсынылып отырған өзгерістерді таныстырды. Ол дөңгелек үстел қатысушыларының жаңа Конституция мәтініне қатысты туындаған сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, талқылау елдің саяси құрылымындағы жаңашылдықтарға арналды. Бұдан бөлек, тілдер мәртебесі, азаматтардың білім алуы мен медициналық көмекке қатысты тақырыптар талқыланды. Негізгі заңның Преамбуласында алғаш рет Әділетті Қазақстан идеясы, табиғатқа ұқыпты қарау және «біртұтас халық» ұғымы бекітілуі мүмкін. Бұл – этномәдени бірлестіктердің өкілдерін қуантып отыр.
СНХ: АРТЕМ МАЩИНСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЧУВАШ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстанның күші қашан да бірлікте. Өйткені, мұнда ондаған этнос арасында бірлік пен ынтымақ тамырын тереңге жайған. Түрлі салт-дәстүр ортақ бір тағдырға тоғысқан. Сондықтан болашақ туралы шешімді де бүкіл халық болып қабылдауы тиіс. Біз үшін емес, бәріміз бірге атқаруымыз қажет. Референдум – азаматтық қатысудың жоғары үлгісі. Әр дауыстың нақты салмағы бар екенін ұғанытан сәт. Биліктің бастауы халық екенін растаймыз. Осы ретте жастарға үндеу тастағым келеді. Болашақ өздігінен келмейді. Оны азаматтық қоғамда болып жатқан дүниелерге белсене қатысатындар, жауапкершілікті арқалай білетіндер жасақтайды. Бұл жерде дауыс беру – көшбасшылыққа бастар алғашқы қадам.
РКС: Әділет департаменті әр апта сайын халықтың түрлі тобымен осындай кездесулер ұйымдастырып тұрады. Дөңгелек үстел мен семинарлардан бөлек, ақпаратты онлайн да таратуда.
СНХ: ТІЛЕГЕН ӘУБӘКІР, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әділет департаментінің сайтында, Телеграм, Инстаграм, В контакте әлеуметтік желілерінде түсініктемелер жарияланған. Кез келген адам ашық түрде қарай алады. Тұрғындардың белсенділігі жоғары, сауалдар да өте көп. Бұл әзірге жаңа Конституцияның жобасы екенін түсінуіміз керек.Әлі бекітілген жоқ. Сәйкесінше оның бәрі референдумда шешіледі. Үкіметтік емес ұйымдар жаңа Ата Заңның жобасын талқылауға қызу қатысуда. Наурыздың 15-де азаматтарымыз референдумда белсенділік танытып, өз таңдауын жасайды деп сенеміз.
РКС: Кездесу соңында жиналғандар жаңа құжат сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың, саяси партаиялар мен азаматтардың ұсыныстарын мұқият саралау мен ашық талқылаудың нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ қатысушылар Ақмола облысының жұртшылығын наурыздың 15-де республикалық референдумда өз пікірін білдіруге шақырды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ