ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өткен «Елдің көркі – қыз» атты форумда нәзік жан иелерінің өмірден өз орнын табуы, тал бесіктен алған тәрбиенің берер пайдасы, күйзеліске түспеудің жолдары, өзіне деген сенімділік, білім мен ғылымды ұштастырудың маңызы жайлы әңгіме қозғалды. Еркін форматта өткен кездесу барысында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.
РКС. Қазақ халқы бағзы заманнан қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Төрін ұсынып, қонақ ретінде қараған. Күні ертеңдері өз шаңырағымен хош айтысып, болашақ жарының босағасын аттап, ана атанатын жауапкершілігін де үнемі есіне салып отырған. Бұл өзектілігін жоймаған салт-сананы ұстанатындар қазақы қалыптың шеңбері тарылмағанын айтады.
СНХ ҰЛЖАЛҒАС ҚАРЫМСАҚОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Мен үш қыз бала тәрбиелеген анамын. Қазір үш қызым да тұрмыс құрып, балалы шағалы болып отыр. кішкентай кезінен қыздарыма ұшқанда көретін тәрбиені өз отбасыңда тәрбиеледім шамам келгенше. Қазіргі заманда қыз баланың ролі өте ерекше болу керек. Қыз баланың зорлық-зомбылық көріп жатқанына өз басым қарсымын. Өйткені, ата-бабамыз қашан да қызды жоғары ұстаған.
РКС: «Елдің көркі – қыз» атты форумға негізінен 16 мен 30 жас аралығындағы қыз балалар шақырылды. Спикерлер: Іскер әйелдер қауымдастығының, жасөспірімдер көшбасшылығы мектептерінің жетекшілері, қоғамдық және әйелдер кеңестерінің мүшелері, кәсіпкерлер, дәрігер мамандар, көпбалалы аналар.
СНХ АНАР НҮКЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бұл форумның мақсаты отбасы құндылықтарын сақтап қалу, қыз балалардың тәрбиесіне болашақ ана ретінде, келін ретінде өте ерекше мән беру. Спикерлерді шақырдық, қыз балалар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алады.
РКС. Форум барысында қыз баланың жеке бас гигиенасы, талапшылдық, ерік-жігер мәселесі де айтылды. Сондай-ақ спикерлер ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың мәні ерекше екеніне тоқталды. Әсіресе, қыз баланың қылықты, сүйкімді, ақылды болып ер жетуінің түп негізі – отбасы, ошаққасында жатыр.
СНХ НҰРАЙЛЫМ ҚАЙРАТ, №19 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Қыз баланың тәрбиесі отбасынан басталады. отбасында қызға қалай қарайтынынан басталатын сияқты. қазір жаман ойлы адамдар бар болғандықтан, қыз бала байқап жүру керек. түнде шықпауға, өздерін байқап ұстауы керек.
СНХ ТАХМИНА КЕНЕШОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Маған өте жақсы тәрбие беріп жатыр. Себебі менің ата анам өте жақсы адамдар. Өзім жалпы мектепте активисткамын,беске оқимын.конкурстарға барамын, олимпиадаға қатысамын.
РКС. Шара барысында әр спикер өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қиын жағдайға тап болған жасөпірімдермен жұмыс барысындағы берген ақыл-кеңестерімен бөлісті. Қашан да тығырықтан шығатын жолдың бар екенін және әрдайым жақындарынан жылылық күтіп, тұйықталмау керектігін баса айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».