ДИКТОР: Еңбек заңнамасын сақтау, еңбек дауларының алдын алу және өндірістегі жарақат санын азайту - облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басты назарында. Ведомство өткен жылғы жұмысын қорытындылап, алда атқыралыр негізгі міндеттерді айқындап алды.
РКС: Былтыр еңбек инспекциясы 200-ден астам кәсіпорынды тексеріп, 400-ге жуық заңсыздықты анықтады. Жұмыс берушілерше хаттама толтырылып, 112 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өндірісте 50 қайғылы оқиға орын алды. Оның бәрі тергеліп, материалдар ішкі істер органдарына берілді.
СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бұзудың алдын алуға және болдырмауға, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға, оның ішінде жалақыны уақтылы төлеуге бағытталған қажетті шараларды қабылдайды. Тұрақты негізде прокуратура органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек саласындағы ахуалға мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ жалақы бойынша анықталған берешекті өтеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
РКС: Облыс аумағында еңбек даулары тіркелген жоқ,-дейді сала мамандары. Биылғы жылға жұмыспен қамтуды арттыру, еңбек келісім-шарттарын цифрландыру, қызметкерлерді сақтандыру мен жарақатты төмендетуге қатысты жоспар бекітілді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ