ДИКТОР: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын және «Жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыптық айлығын жүзеге асыру аясында Көкшетауда робототехникадан «RoboARENA» көрме-байқауы өтті. Аталған шара инженерлік ғылым, жобалау және бағдарламалау бағытында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген дарынды оқушылардың басын қосты. Қалалық турнирге шаһар мектептерінен 18 команда қатысты. Аймақта инженерлердің жаңа ұрпағы қалай қалыптасуда? Динара Нұрмұханова айтсын.

ГРАФИКА ЦИТАТА: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа тех­но­ло­гия дәуірінде өркениетті ел болып қалу­дың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін.

«Turkistan» газетіне берген сұхбатынан

РКС: Биыл - цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Осыған орай қала мектептерінің оқушылары арасында робототехникадан қалалық турнир өтті. Оған 18 команда қатысты. Әр команданың құрамы 2 оқушыдан жасақталған.

СНХ: ӘСЕЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, №12 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Қала мектептерінің оқушылары үшін ай сайын шаралар өткізіп тұрамыз. Бүгін шаһар мектептері арасында робототехникадан турнирдің ұйымдастырушысымыз. Аталған сайысты біз тегіннен тегін өткізіп отырған жоқпыз. Өйткені, біздің мектеп робототехникадан чемпион. Сондай-ақ облыстық, республикалық және халықаралық турнирлерге қатысты. Қазір робототехника қарқынды дамыған. Сондықтан дәл осы сайысты ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз.

РКС: Жас жаңашылдардың инновациялық шешімдері жасанды интеллект негізінде экологиялық жобалардан бастап медицинадағы жоғары технологиялық өңдеулерге дейін түрлі салада қолданылуда. Қаладағы жетекші ІТ мектептердің өкілдері турнирге қонақ ретінде келді. Олар қолданыстағы жобаларын таныстырып, тәжірибелерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті.

СНХ: УЛЬЯНА БЕРВЕРТ, «АЛГОРИТМИКА» МЕКТЕБІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: Мұндай шаралар әсіресе мектептерде ІТ мен робототехниканың қаншалықты дамып жатқанын көрсетеді. Яғни балалар командамен жұмыста ғана емес, сонымен бірге қолмен жұмыс істеп, бағдарламалау бағытында өздерінің машықтарын күшейтеді. Балалардың мектептегі қызығушылығын бақылаған керемет әсер береді. Олардың технологияға деген қызығушылығы басым. Оны әрі қарай дамытуға мектеп басшылығының қолдауы зор екенін де баса айтқым келеді.

РКС: Жарыс бағдарламасы үш бағытқа бөлінді. «Робо-сумо» санатында қатысушылар моторлардың қуаттылығы мен алгоритмдердің дәлдігін көрсетті. «Сызық бойынша сайыс» жолағында бағдарламалық кодтың тазалығына екпін түсірілді. Бұл жерде датчиктердің жұмысы мен әр секунд маңызды. Сондай-ақ «Арқан тартыс» сайысы өтті.

СНХ: ТАМЕРЛАН ОРАЛБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біз осы жарысқа екі командамен келдік. Бірінші команда бізге Сумодан келсек, ал екінші команда сызық бойынша жүріден келдік. Осы жарыс маған өте қатты ұнады. Өйткені бұл жарыста біз өте үлкен тәжірибе алдық. Осы тәжірибе арқылы біз болашақта үлкен-үлкен жарыстарға барғымыз келеді. Және де осы тәжірибеден және де осы жарысқа үлкен алғыс айтқым келедi.

РКС: Турнирге қатысқандар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ