ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы төтенше жағдай қызметіне білікті мамандар даярлайтын жетекші оқу орнының бірегейі. Академия төрт білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады. Білім ордасы оқытушылардың бірі Жандос Қайырдосов өз шәкірттеріне үлгі болып, қызметке адалдық пен жауапкершіліктің маңызын үнемі насихаттап келеді. Офицердің жұмысымен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Кезінде Жандос Қайырдосов Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында оқыған. Кейін аталған мекемеге келіп, болашақ құтқарушыларды дайындауға кірісті. Офицердің ең жоғары жетістіктерінің бірі – академиясының ең үздік курсаттар сапында болу. Сондай-ақ ол Президент қолынан шен алды. Қазір ол шәкірттерін өрттің алдын алуға үйретеді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАНДОС ҚАЙЫРДОСОВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ: Азаматтық қорғау академиясында курсанттарға өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау, командалық тактикалық күштері және өрт сөндіру және авариялық жұмыстар бойынша сабақ өткіземіз. Курсанттарға тек ғана сабақ емес, оларды болашақ офицер ретінде даярлаймыз, тәрбие жұмыстарын өткіземіз. Алдыңғы жылы екі шәкіртім «Ең үздік студенті» сайысында бірінші дәрежелі дипломдар алған. Басқа да оқу орындары арасында неше түрлі конференциялар өткізіледі. Солардың аясында менің курсанттарым бірнеше жетістіктерге жеткен болатын.
РКС: Жұмыстан тыс уақытында офицер спортпен айналысады. Оның айтуынша, әр әскери шәкірттеріне үлгі болуға міндетті. Жандос Қайратұлы футбол, волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылданып, жоғары жетістіктерге жетті.
СНХ: ШЫҢҒЫС ТҰРСЫНОВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Аға лейтенант Қайырдосов бізге бірінші курстан сабақ беріп жатқандықтан, оны үлге тұтамын. Одан тәлім-тәрбие аламын. Офицерлерден көп нәрсе үйрендім. Аға лейтенант Қайырдосовтан тек ғана білім алып жатқан жоқпын, бұл кісінің киінуі, жүріп-тұрысы бәрі менің көз алдымда. Ол сияқты болуды армандаймын.
РКС: Бүгінде академия қабырғасында қызмет етіп жүрген аға лейтенант Жандос Қайырдосов өз ісіне адал офицер ғана емес, курсанттарына бағыт-бағдар беріп жүрген тәлімгер. Ол білім мен тәрбие егіз ұғым екенін дәлелдеп, болашақ құтқарушыларды кәсіби әрі рухани тұрғыда шыңдап келеді. Осындай ұстаздардан тағылым алған жас мамандар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етпек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ