ДИКТОР: Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы – цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу екенін баса айтты. Жасанды интеллект білім беру саласына ерекше ықпал етуде. Ол оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Көкшетау жоғары техникалық колледжінде де студенттер жасанды интеллектіні қолданып, жаңа бағдарламалар мен жобалар жасап жатыр. Тілшіміз Гәкку Асылбекқызы баяндайды.
РКС:Көкшетау жоғары техникалық колледжінде жасанды интеллект бойынша оқу үдерісін одан әрі цифрлық трансформациялауға қолайлы негіз құруға жағдай жасалған. Білім ошағында секундына 100 Мегабитсқа дейінгі интернетке шығу мүмкіндігі жоғары жылдамдықты желіге қосылған 1057 заманауи компьютермен жабдықталған 39 сынып бар. Бұл инфрақұрылым студенттерге соңғы үлгідегі бағдарламамен қамтылып, жобалар әзірлеуге, алгоритмдер мен модельдерді үйренуге мүмкіндік береді.
СНХ: НҰРЖАМАЛ ОСПАНОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Арнайы пән бергендіктен, сабақта жасанды интеллектіні міндетті түрде пайдаланамыз. Жай ғана пайдаланбай, код арқылы тани аламыз.ашық түрде жарияланған, кілттерді пайдалану арқылы өзіміздің жасанды интеллектімізді жасаймыз. Және көп жобаларды болашақта жасанды интеллектпен байланыстыратынымызды еске ала отырып,жоғары деңгейде мамандарды дайындауға тырысамыз.
СНХ: НУРЖАМАЛ ОСПАНОВА, ПРЕПОДАВАТЕЛЬ СПЕЦИАЛЬНЫХ ДИСЦИПЛИН КОКШЕТАУСКОГО ВЫСШЕГО ТЕХНИЧЕСКОГО КОЛЛЕДЖА: Сейчас как вы видите мы внедрили искуст. Интеллек на уроке.сейчас мы разработали AI репетитор, который помогает не только преподавателям, но и студентам. Также оценивает работу кода, работу ответа студента и помогает в качестве помощника для преподавателя.
РКС: Колледж сонымен қатар \VR/AR\ виртуал реалити, артифишил реалити технологиясымен, өнеркәсіптік роботтармен, дрондармен, 3D принтерлермен, фрезерлік және лазерлік кесу станоктарымен, графикалық планшеттермен, желілік қауіпсіздікті үйрету тренажерларымен, роботтехниканы құрастыру және бағдарламалау жинақтарымен жабдықталған. Бұл жасанды интеллект бойынша тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асыру үшін бірегей орта қалыптастырады.
СНХ: АЛАН ЖАНТАЙҚОЖА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің AI репетитор жобам студенттер мен мектеп оқушыларының белгілі бір тақырыпты терең түсінуіне көмектеседі. Мысалы, сабақты түсінбей қалған оқушы өзнің сол тақырып бойынша қойған сұрағына жауап алады. Егер ChatGPT бұлыңғырлау болатын болса, менің жобам нақты болып келеді және нақты жауап береді.
СНХ: ӘЛІШЕР ӨТЕГЕНОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің жобам, студенттердің сабақ үлгерімін қадағалайтын веб сайт. Мысалы, бізде бір топта бес студент бар дейтін болсақ, олардың математика, бағдарламалау, тарих пәндері бойынша алған бағалары осында көрініс тауып, диаграмма арқылы студенттің қай деңгейде үлгерімі төмендеп кеткенін байқауға болады.
РКС:Оқытушылар құрамы өз біліктіліктерін белсенді түрде арттырады. Ұлттық және халықаралық жобаларға, заманауи технологиялар бойынша онлайн курстарға қатысады. Сол арқылы студенттер жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істеу үшін қажетті инженерлік, сараптамалық және визуализация дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл ресурстар жастардың бағдармаламау, процестерді модельдеу, цифрлық прототиптеу және деректерді талдаудағы негізгі құзіреттерін дамытуына ықпал етеді.
СНХ: АРНҰР МҰҚАЙ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен өзімнің макс, макс деген жасанды интеллект бағдарламамды жасадым. Ол студенттерге сабақ оқуда,мәтіндермен жұмыс істеуде көмектесетін болады. Ол әзірге тек ағылшын тілін жақсы түсінеді, болашақта көп тілді түсінетін етіп жасаймын.
РКС. Бұл саланы толықтай дамыту үшін мамандандырылған оқу модульдерін, тәжірибеге бағытталған зертханаларды және жасанды интеллект орталықтарын құру қажет дейді оқытушылар. Егер ол іске асса студенттер заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін дағдыларды меңгеруге, озық технологиялармен жұмыс істеуге, нақты өндірістік жобаларға қатысуға және бәсекеге қабілетті жасанды интеллект мамандары болуға мүмкіндік алмақ. Бұл – болашақтың еншісінде.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ