ДИКТОР: Өңірде алаяқтық фактілері азаймай тұр. Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері автобөлшек сатамын деп жалған жарнама берген күдіктіні алаяқтық фактісі бойынша тергеп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға қашықтан сауда жасағанда барынша сақ болуды ескертеді.

РКС: Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері автобөлшек сатумен айналысамын деп жалған жарнама беррген күдіктіні анықтады. «Audi 80» маркалы автокөлікке қозғалтқыш сатылатыны туралы жалған хабарламаны күдікті WhatsApp мессенджеріндегі топтардың біріне орналастырған. Автокөлік иелерінің бірі хабарландыру арқылы хабарласып, бағасына келісіп 180 мың теңге ақша аударады. Бірақ сатушы қозғалтқышты көрсетілген мекен жайға жібермейді. Бірнеше күн күткен тұрғын, кейін полицияға арыз жазады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Бурабай ауданының полиция қызметкерлері жалған хабарландыру берген адамды анықтайды. Ол Көкшетау қаласының тұрғыны. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Полиция оны өзге де қылмыстарға қатысы бар жоғын анықтауда.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Онлайн-сатып алу немесе қызмет көрсету саласындағы алаяқтық өңірде кеңінен таралған фактілердің бірі. Жалған хабарландырудың құрбаны болмау үшін алдын ала төлемді расталған кепілдіксіз бейтаныс сатушыларға аударуға болмайды. Сатушының профилін, хабарландыру тарихын және пікірлерді міндетті түрде тексеру қажет. Төмен бағаға немесе шұғыл ұсыныстарға абайлап қарау керек. Сондай-ақ хат алмасу мен төлем туралы чектерді сақтау маңызды.

РКС: Полицейлер алаяқтыққа күдік туғызған жағдайда дереу ішкі істер органдарына жүгінуді қажеттігін тағы да еске салады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ