ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда белсенді жастар және студенттердің қатысуымен «Мен әділ Қазақстанды таңдаймын! Мен Жаңа Конституцияны қолдаймын!» тақырыбымен дөңгелек үстел басында кездесу өтті. Онда жастар Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістерге көзқарастарын білдіріп, еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа бастамалар жайында ойларын ортаға салды.
РКС: Жаңа Конституция –ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Оны қолдау әр саналы азаматтың өз қолында. Еліміздің болашағы жастарға да осы таңдау түсіп тұр. Сондықтан әрбірі өзінің мақсатын айқындап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс делінді кездесу барысында.
СНХ ДИДАР ХАМЗИН, «ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ФРОНТ - КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Конституцияның 31 баптың 2 ші тармағына конституцияның ішінде волонтерлер жайлы бапты арнайы енгізіп отыр.бұл біз үшін үлкен қуанышты жағдай. Сондықтан конституцияны қолдай отыра, осындай өзгеріске енетін болсақ, онда әрбір азамат өзінің ұстанымын білдіре отыра, волонтерлік бағытқа қатты назар аударады. Яғни өзі де қоғамдық іске пайдалы, қоршаған ортаға, мұқтаж жандарға көмектесетін болса, бей-жай қарамай ұмтылатын болады.
СНХ: МАХМУДЖАН ДАВРАНОВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы бұл жаңа бастама еліміздің тұрақтылығын сақтауға негіз болатын негізгі заңның бекітілуі деп санаймыз. Біз Ассамблея жастары жаңа Конституцияны қолдаймыз, себебі бұл бізге жаңа қоғамды қалыптастыруға, үкімет пен халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негізгі тіректі қалыптастыруға ықпал етеді деген ойдамыз. Жаңа конституция тек жаңа заң емес,жаңа қоғаммен қатар, жаңа адамдарды қалыптастыру.
РКС: Ата Заңға енгізіліп жатқан жаңа баптардың әрбірімен жастар міндетті түрде танысып шығуы тиіс. Өйткені бұл жан-жақты талқыланып, талданып, халықтың пікірімен санаса жасалып жатқан құжат. Әр азамат EGOV порталы арқылы өзінің ұсынысын білдіріп, жазба қалдыруға құқылы. Жастарға да осындай шешуші сәтте сырт қалуға болмайды.
СНХ КӘМИЛА ҚАДЫРБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен жаңа Конституцияны қолдаймын. Себебі ол еліміздің дамуына көп үлес қосады және әр азаматтың дауысы маңызды болып есептеледі. Ал қоғам үшін ол өте маңызды.
РКС: Бүгінгінің жастары еркін ойлы, өз ұстанымдары бар азаматтар, саяси көзқарастары да айқын. Оларды дауыс беруге ешкім мәжбүрлемейді. Мұндай қадамға жауапкершілікпен бару керек,-деді Ақмола пікірсайыс федерациясының мүшесі Жасмин Ұрынғали. Ал Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттік кеңесінің төрайымы Алина Екпін болса, Ата заңдағы өзгерістерді қолдау арқылы ел болашағының жарқын болуына үлесімізді қосамыз деді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ