ДИКТОР: Кеше Ақмола облысының 5 ауданында, қала мен бірқатар ауылдық округте әкім сайлауы өтті. Атап айтқанда, Косшы қаласында, сондай-ақ Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Целиноград және Шортанды аудандарының ауылдарына жаңа әкім сайланды. Науқанға 30 үміткер түскен. Оның алтауы «AMANAT» партиясынан, 24-і өзін-өзі ұсынғандар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жақсы ауданында Жақсы және Чапаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Таңғы сағат 7:00-де басталған дауыс беру үдерісіне тұрғындар белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Жалпы аймақ бойынша 17 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру заң талаптарына сай, ашық әрі әділ ұйымдастырылған.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЧЕРЕМИСОВА, УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Комиссия жұмысына жеті адам тартылған. 5 адам комиссия мүшесі, бір төраға және бір хатшы. «AMANAT» партиясынан бір бақылаушы тіркелген, сондай-ақ, үйде дауыс беру мүмкіндігі де ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бұрыш бар.
РКС: Ауыл тұрғындары әкім сайлауына бей-жай қарамайды. Жалпы аймақ бойынша 7 мың сайлаушы болса, оның 5 мыңға жуығы дауыс берген. Тұрғындардың тілегі де ортақ - жаңа әкім халықпен тығыз байланыс орнатып, нақты істерімен ел сенімін ақтаса ,-дейді.
СНХ: АЯУЛЫМ ЖАМАНОВА, ЖАҚСЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сайлауға жақсы көңіл-күймен келіп тұрмын. Өз таңдауымды жасадым. Осындай маңызды шарға әр тұрғын қатысуы керек деп санаймын. Себебі бұл біздің ауылымыздың өркендеуі мен болашағы үшін өте маңызды.
РКС: Сайлау қорытындысы бойынша Жақсы ауылының әкімі болып Думан Хаусылов сайланды. Бұл үміткерге тұрғындардың 80 проценті дауыс берген. Ал Мария Жекебатырова Чапаев ауылының әкімі болды. 818 дауыспен Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылының әкімі Рүстем Ахметов сайланды. 174 дауыспен Егіндікөл ауданына қарасты Алакөл ауылдық округінің әкімі болып Марат Жылқыбаев сайланды. Ерейментау ауданындағы Қойтас ауылдық округінің әкімі болып Имаш Ахметов, ал 188 дауыспен Үленті ауылдық округінің әкімі болып Қуаныш Шақаев таңдалды. Целиноград ауданына қарасты Рақымжан Қошқарбаев атындағы ауылдық округтің әкімі болып Қаншайым Рахымбекова сайланды. Ал Арнагүл Молдобаева көпшілік дауыспен Шортанды ауданының Новоселов ауылдық округінің әкімі болды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ