ДИКТОР: "Көкшетауым - ән қанатым, кербезім". Дәл осындай атаумен облыс орталығында дәстүрлі әншілердің қатысуымен кеш ұйымдастырылды. Онда сал-серілердің ізін жалғап келе жатқан 15-тен астам ардагер әнші өнер көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Дәстүрлі ардагер әншілердің қатарында Кенжебай Мұқышев та бар. Қазақтың киелі қара домбырасын бала кезінен жанына серік еткен. Өмірімнің соңына дейін қолымнан тастамаймын, - дейді дәстүрлі әнші.
СНХ: КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Мен қара домбыраны 6 жастан тарттым. Әкем үйретті. Сол 6 жастан міне 50 жылдан артық тартып келе жатырмын. Бұл енді қазақтың ұлт аспабы ғой. Негізгі аспап қазақта ол - домбыра. Домбыраны енді ұмыту деген мүмкін емес. Сондықтан, домбыраның үні, домбыраның дыбысы, домбырамен ән айту деген біздің жүрегімізде мәңгі қалды. Өлергенше осы домбырамен ән айтып өтеміз.
РКС: Бұл кеш арқылы Арқа өңірінің сал-серілер мұрасын жаңғыртып, олардың өнерін жас буынға дәріптеп, бойына сіңіру. Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты да осы. Сондықтан да, жастарға тәлім-тәрбие беретін ардагерлер сахна төріне шығып, өздерінің қоңыр дауыстарымен өнер көрсетіп, жастық шақтарын еске алды.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, КЕШТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Тұлғаларды дәріптеу, келесі буынға солардың өнерін тапсырып кету. Жоспарда Астана қаласында, Алматы қаласына да бару. Ол жаққа хабар беріп едім. Ол кісілер қуанышпен қарсы алатындарын айтты. Әсіресе, Көкше өңірінен келетін тұлғалар болса, міндетті түрде біз келуге дайынбыз деген. Біз өзімізде бар алтынды бағалай білсек, соны халыққа жеткізе білсек осы біздің басты міндетіміз деп білемін.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Көріп тұрғандарыңыздай залда ине шаншар орын жоқ. Жиналған қауым бір сәтке сал серілердің өмірін ән арқылы елестетіп, киелі қара домбыраның күмбірін тыңдады. Кеште ардагер дәстүрлі әншілер есті де ескі әндерінді шырқады. Халық әніне құлақ аспайтын студенттердің өзі де кештен керемет әсер алып, қайтты.
СНХ: АЛТЫНАЙ ТӨЛЕУТАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен колледжден осы дәстүрлі кешке келдім. Маған өте қатты ұнады. Өте қызықты болды. Домбыраның үні бізді бірден баурап алды. Алдағы уақытта осындай дәстүрлі әншілер көп бола берсін.
РКС: Киелі Көкше өңірі ежелден сал-серілердің мекені саналады. Кешегі Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан салдардың терең ойлы, жан тербетер сазды, мұңды лирикалық әндері ұлттық музыка әлеміне өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан, сал-серілердің ұлттық рухани мұрасын жаңғырту бағытында әлі де ауқымды кештер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ