ДИКТОР: Бүгінде әлеуметтік желі арқылы алаяқтарға алданып, сан соғып қалғандардың саны күн санап артып келеді. Жеңіл ақша табудың жолдарын ұсынатын алаяқтардың қармағына ілінген студенттер мен мектеп оқушылары да бар. Жастар арасында заң бұзушылықты алдын алу мақсатында полиция өкілдері мен облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесе «Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу ұйымдастырды.
РКС: Шара барысында құқық қорғау саласының қызметкерлері жастардың арасында заңсыз зиянды заттарды тасымалдау және насихаттау белең орын алып отырғанына ерекше тоқталды. Есірткі және психатропты заттарды насихаттаған немесе штрих код, сілтеме және басқа да тәсілдер арқылы таратқан азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. Заң жүзінде 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
СНХ: РАЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ АҒА УӘКІЛІ: Еліміздің Қылмыстық кодексінің 232-бабына «Дроперлік» тармағы енгізілді. Онда студенттер өздерінің жеке банк карталарын ұсыну арқылы еріксіз қылмысқа араласуы мүмкін екені туралы жазылған. Есірткіге қатысты, тез ақша табу мақсатында жасөспірімдер есірткіні жасырын сату, тасымалдау арқылы қылмысқа барып жатады. Жыл басынан бері облыс аумағында 32 жасырушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Оны Көкшетау қаласында есірткіге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұстады. 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
РКС: Шара барысында киберқауіпсіздік, лудомания, қаржылық сауаттылық сияқты өзекті тақырыптар да талқыланды. Оның адамға кері әсері жайында түрлі роликтер көрсетілді.
СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұдан бөлек біз психалогиялық тренингтер өткіземіз. Түрлі скилдер. Осы құқық қорғау органдарымен бірге сенімділікті арттыру мақсатында «Елге қызмет-абыройлы міндет» жобасы бар. Яғни олар оқу бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында жұмыс істегісі келсе, біз олардың арасында байланыс орнатушы көпір ретінде көмек береміз.
РКС: Жоғары оқу орнының студенттері кездесуге белсене қатысты. Пікір алмасып, қызықтыратын сұрақтарын қойды. Жақсы мен жаманды айыра білетін жастар кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ДӘУЛЕТ КӘРІМ А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қоғамда жастар темекі шену, ішімдікке «МИФ» иіскеу сияқты заттарға әуестеніп кеткен. Олардың бәрін қолға алуымыз керек. Сіз бен біз болып. Өйиткені жастар біздің болашағымыз. Тәртіп бізде мектептен несесе үйден басталады.Сондықтан тәртіпке ең бірінші ата-ана жауап беру керек. Бүгінгі лекциядан болашағцымды қалай елестетемін туралы көптеген мағлұмат алдым. Зиянды заттар туралы достарыма ескертуім керек. Алдағы уақытта өзімде қолданбаймын.
РКС: Заң мен тәртіп - болашақ кепілі. Заңға құрметпен қарау және оған бағыну жауапкершіліктің белгісі.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ