ДИКТОР: Ақмола облысына тартылатын инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл өңір экономикасына 660 млрд.теңгеден астам инвестиция құйылды. Шетелдік инвесторлардың қаржысы арқылы шалғайда жатқан елдімекендерге көңіл бөлініп, аймақтың инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып келеді. Шетелдік инвесторлар қай салаға қомақты қаржы құюға даяр? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының алдында есеп берді. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Өңір экономикасына тартылған инвестицияның қайнар көзі ауыл шаруашылық саласы. Еске сала кетейік, биыл ақмолалық диқандар 7,6 млн.тонна астық жинап, рекорд орнатты. Орта түсім гектарынан 16,3 центнер. Жиналған астықтың 70 проценттен астамы жоғары сапалы өнім. Сондықтан, жиналған астықтың 3,5 млн.тоннасы Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, Иран және Еуропа елдеріне эскпортталды. Осы ретте, аймақта ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталды. Қытайлық инвесторлар өңір қазынасына 1,8 млрд. доллар көлемінде инвестиция құймақ.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жылына 3 миллион тоннаға дейін астық өңдейтін зауыт салу жоспарланған. Маңыздысы, бұл жерде түпкілікті сұранысқа ие болатын тауарлар натрий глутаматы, крахмал және минералды тыңайтқыштар өндірілетін болады. Сондай-ақ, клинкер өнімдері мен қаптама кірпіш шығаратын және пестиццд пен тыңайытқыштар өндіретін зауыттардың құрылысы жоспарланған. Қазан айында астықты терең өқдеудің екінші ірі кешенін салу жөніндегі стратегиялық негіздемелік келісімге қол қойылды. Инвестиция көлемі – 1,5 млрд. АҚШ долларды құрап отыр. Онда бір мың жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, биыл маңызды келіссөздер жүргізіледі. Ірі инвесторлар бидай өңдеу мен жем өндіру элеватор мен құрама жем зауытын, асыл тұқымды репродуктор салу жүзеге асыружы жоспарлап отыр. Жобаларды іске асырылуы 700-ге дейін жұмыс орнын құрап, шамамен 600 млн. АҚШ доллар көлеміндегі инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
РКС: Сондай-ақ, Ақмола облысы еліміз бойынша өнеркәсіп саласында да көш бастап тұр. Өнім өндіру көлемі 2 трлн.теңге. Бұл көрсеткішке арнайы көліктер, подшипник және кірпіш шығару зауыттары арқылы қол жеткізуде.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде өңіріміздегі зауыттар 250 миллион кірпіш шығарып келсе, алдағы уақытта оның қуаттылығын 3 есе арттыратын боламыз. Осы бағытта 8 зауыт салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Биыл соның бесеуін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біздің өңір елдегі өндірістің жалпы көлемінен құрылыс кірпішінің 40%-ын шығарады
РКС: Жыл басынан бері 7 мыңнан астам ақмолалық қоныс тойын тойлады. Оның 2 мыңы әлеуметтік осал топ санатына жататындар. Ал бұл баспанаға ең алдымен жылу қажет. Осы орайда, биылғы жылу беру маусымына 43 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаражатқа желу желілері ауыстырылып, қазандықтар жаңартылды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы алғанда шамамен 40 шақырым жылу желілері ауыстырылды және 59 қазандықжаңартылды. Биыл Степногорск қаласында шамамен 17 км-нан астам жылу желісі жөнделді, ол желілердің тозуын 68 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Степногорск жылу-электр орталығында бес турбина генераторы мен алты қазандықта жоспарланған жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сондай-ақ, Атбасарда жылу желілері реконструкцияланды, оның тозу көрсеткіші 68 пайызға дейін төмендеді. Облыс орталығы Көкшетау қаласы да назарда. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100 пайызға істелді. Жылу беру маусымы қалыпты режимде өтуде. Нормативтік көмір қоры жиналған, халық үшін тапшылық жоқ.
РКС: Өңірде ауыз су мәселесі де шешіліп келеді. Жыл сонына дейін 70-тен астам елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Бұл мақсатқа 36 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына да ерекше екпін беріліп отыр. Қыста жауған қалың қар көктемде еріп, өзендер жыл сайын арнасынан тасып, тұрғындарға қауіп төндіреді. Сондықтан, аймақ басшысы су тасқынының салдарымен емес, себептерімен күресу жолға қойылғанын ерекше атап өтті. Арнайы техникалар жаңартылып, өзен-көлдер тереңдетілген. Сондай-ақ, 28 шақырым қорғаныс бөгеті нығайтылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ