ДИКТОР: Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Қазір шаһарда осындай 2 мектеп бар. Соалрдың бірі жаңа форматтағы №20 мектеп-гимназиясы. Мыңнан астам оқушы білім алады. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді. Мұнда оқушылар мен мұғалімдердің, өзге де мамандардың ғимаратқа кіріп-шығуын бақылауға арналған «Alaqan Mektep» жүйесі енгізілген. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 170 бейнебақылау камерасы орнатылған. Заманауи білім ордасында 4 спорт залы бар. Білім ошағы қажетті заманауи білім беру технологияларымен толық қамтамасыз етілген.

СНХ: МАНАРГҮЛ ТОХАН, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Спортта, өнерде, әртүрлі байқауларда. Жасалған мүмкіндіктерді материалдық жағынан педагогтеріміз толық пайдаланып жатыр. Оның ішінде визуалды лабораториямыз бар, жасанды интеллект пайдалануға қатысты техникалық құралдар бар, соның барлығы толыққанды жұмыс жасап тұр.

РКС: Мектепте педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға ерекше мән беріледі. Мектептің жас ұстаздың бірі Аяулым Токимова. Ұстаздық жолды саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған әкесінің үлгісімен таңдаған. Жас маман ретінде Аяулым өз сабақтарында мектепте бар заманауи технологияларды тиімді пайдаланады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЯУЛЫМ ТОКИМОВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жайлы мектептің басты мақсаты оқушылардың жеке тұлғасына қатысты оқу процесі және мұғалімдерге берілген шығармашылық еркіндік. Менің негізгі мақсатым – оқушылардың бойындағы функционалды сауаттылықты дамыту. Яғни берілген білімді өмірлік жағдайда қолдануды үйрету. Және қазіргі таңда технологияларының дамуына байланысты білім беру саласында да жаңа серпін байқалуда. Осы орайда жасанды интеллект құралдарын дұрыс қолдану арқылы мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді.

РКС: Оқушылар республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр. Биыл Анталия қаласында өткен пәндер олимпиадасында 3-ші жүлделі орынды иеленді. Робототехникадан да үздік нәтижеге қол жеткізді. Үздік оқушылардың бірі Әйгерім Ыбыраева. Үздік аттестатқа үміткер ағылшын тілін еркін меңгеріп, болашақта филология мамандығы бойынша білім аламын деп жоспарлап отыр.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ЫБЫРАЕВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Біздің мектеп оқушыларға көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Себебі оқушылар үшін көптеген технологиялар, құрал-жабдықтар қарастырылған. Интернет, түрлі компьютерлер мен интерактивті тақталар. Сол құралдарды қолдана отырып, біз өзіміздің білімдерімізді жетілдіріп, одан сайын үлкен жетістіктерге жете беруімізге бұл бір себепкер.

СНХ: АЙЗЕРЕ ҚАБДЫЛ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Мен өзімді шығармашылықтың дамуына мол мүмкіндік беретін заманауи жабдықталған, таза, кең және оқушының тұлғалық дамуына мүмкіндік беретін мектепте білім алып жатырмын деп есептеймін. Мектепте тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Қызықты іс-шаралар мен түрлі ойын-сауықтар өтеді. Шығармашылық шағымыздан шыңдап, болашақта мықты маман болуға тырысамыз.

РКС: Былтыр еліміз бойынша жаңа үлгідегі 105 мектеп пайдалануға берілді, олардың тең жартысына жуығы ауылды жерлерде бой көтерді. Биыл тағы 112 жайлы мектептің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Нәтижесінде екі жыл ішінде елімізде 460 мың оқушы заманауи мектептерде білім алу мүмкіндігіне ие болады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ