ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы, журналист Есенгелді Сүйіновтың «Көкшетау, сенің ұлыңмын!» атты шығармашылық кеші өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кешке жергілікті ақын-жазушылар, қаламгердің әріптестері мен оқырмандары, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым жиналды. Жұртшылықпен жүздескен қаламгердің шығармашылығы туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ: Бұл кісі көптеген республикалық газеттерде «Халық кеңесі», «Жас алаш» деген газеттерде қызмет істеген, «Қостанай таңы» атты облыстық газетте бас редактор болған азамат. Есекең білесіздер жазушы Марфуға Бектемірованың жұбайы болды. Бұған дейін тек жан жарының кештерін, әдеби кездесулерін ұйымдастырып жүретін. Бұл Есенгелді Сүйіновтың алғашқы шығармашылық кеші. Ол кісі тек ақын емес жазушы, журналист, бүгін ол кісінің шығармашылығымен толық таныстыруға тырысамыз.

РКС: Есенгелді Сүйінов –қоғам мен заманды өлеңмен өрнектеген қаламгер. Оның туындылары – туған жерге сүйіспеншілік пен елдік рухқа толы. Шығармашылық кеш барысында ақынның жырлары оқылып, автордың сөзіне жазылған әндер орындалды.

Интер шум:

РКС: Шара барысында ақынмен Көкше жерінде еңбек еткен әріптестері сөз алды. Есенгелді Сүйіновтің кітаптары мен журналистік еңбектерінен көрме де ұйымдастырылды.

СНХ: ЕСЕНГЕЛДІ СҮЙІНОВ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: Қазақтың үлкен ғалымы, филология ғылымдарының докторы, қазақтың көрнекті жазушысы Уәлихан Қалижанұлын әкеліп отырмын. Кешімнің үлкен қонағы да, жолбастаушын да осы кісі. Біз Көкшетауды үнемі қадірлеп, жырлап, жүрегімізде ұстап жүреміз.

Ұясы сал серілер бабалардың,

Жырлаған Сәкен, Еркеш ағаларым,

Іздесең жер бетінен Жерұйықты,

Мен қайдан дәл өзіңдей таба алармын.

РКС: Кеш соңында ақынға естелік сыйлықтар табысталды. Есенгелді Сүйіновтың шығармашылық кездесуі – сөз өнеріне, руханиятқа, ұлт мәдениетіне деген құрметтің жарқын үлгісі. Өмір мен өлеңді қатар ұстаған қаламгердің еңбегі – бүгінгі ұрпаққа өнеге.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ