ДИКТОР: Қарашаның 15-і қазақ әдебиеті мен ғылымына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер, Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Мәлік Ғабдуллиннің туған күні. Биыл батырдың туғанына 110 жыл. Осыған орай Көкшетауда «Ғылыми таным. Музейлік жады. Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
РКС: Шараға еліміздің жетекші университеттерінің профессорлары, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері мен жас ғалымдар қатысты. Алдымен қатысушылар Мәлік Ғабдуллин музейі жанындағы батырдың монументіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
ИНТЕРШУМ: РКС: Шараның дәл осы жерден басталуы тегіннен тегін емес. Мәлік Ғабдуллин музейі 1995 жылы батырдың 80 жылдығына орай ашылған. Бүгінде 30 жылдық тарихы бар рухани орталықта 8 мыңға жуық құнды жәдігер сақтаулы. Музей қорындағы мұралардың басым бөлігі жазушының жан серігі.
СНХ: УӘЛИХАН ҚАЛИЖАНҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ: Мәлік ағамыздың өмірінің бәрі – ерлік. Мәлік ағамыз Бауыржан Момышұлына жазған хатында айтады: Қазақтың бәрі батыр деп. Қазақ жетім еді, қазақ жетілмеген еді деген сөзді қою керек деген. Қазақ батыр дейді. Сондықтан да батыр қазақ, міне қазір егемендікпен өмір сүріп жатырмыз, үлкен саясатта, үлкен мемлекетаралық мәселеде өзіндік орны бар, сөзі бар іргелі мемлекетке айналдық. Сол ағамыздың арманы орындалды деп ойлаймын!
РКС: Бұдан соң конференция ғылыми-практикалық бөліммен жалғасты. Мәлік Ғабдуллин өмірінің соңына дейін тарих пен ауыз әдебиетін зерттеуге, әдебиеттану ғылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Жиында оның фольклортануға қосқан үлесі, ғылыми мұралары мен шығармашылық еңбектері талқыланды.
СНХ: СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Мың қырлы, мың сырлы ұлы даланың қасиеттері, ғибраттары Мәлік Ғабдулиннің шығармашылық еңбегінде терең сипатталған. 1958 жылы шыққан еңбек әлі күнге дейін біздң студенттеріміздің қолынан түспейтін керемет қасиетті кітап. Мәлік Ғабдулиннің «Менің майдандас достарым» дейтін еңбегі – майдан өмірінің энциклопедиясы, ал ата-аналарға «Тәрбиелік туралы кеңес» дейтін еңбегі бұл тұнып тұрған педагогикалық ғибраттама. 21-ші ғасырда Мәлік Ғабдулиннің ізгілік қағидаттары – бұл біздің халқымыздың қазынасы.
РКС: Бүгінде Мәлік Ғабдуллиннің есімі мен оның қаһармандық мұрасы ел деңгейінде лайықты ұлықталуда. Шаһарда батырдың өмірі мен ерлігін насихаттайтын мұражай жұмыс істейді. Өңірде оның атымен аталатын екі мектеп бар. Сондай-ақ еліміздегі кәсіби құтқарушыларды даярлайтын бірден-бір оқу орны – Азаматтық қорғау академиясы да Мәлік Ғабдуллин есімімен аталады. Жалпы, мерейтой аясында биыл өңірде әдеби және мәдени бағыттағы 100-ге жуық шара ұйымдастырылды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ