ДИКТОР: Бірлік пен берекенің бұлағы – өнер. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Көкшетауда қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Қолөнердің қыр-сырын меңгерген шеберлер туындыларын көпшілік назарына ұсынып, ерекше өнерімен көкрерменін тәнті етті. Тілшіміз Динара Нұрмұханова баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұлттық өнерді насихаттап, ата-баба мұрасын ұрпаққа аманаттауды мақсат еткен ерекше байқауға ұсынылған әр бұйымның өз мәні, тарихы бар. Қолөнер туындыларында ұлттық стиль мен қазіргі заман элементтері ұштастырылған. Байқауға Жақсы, Целиноград, Зеренді аудандарынан, Степногорск пен Көкшетау қаласынан 20-ға жуық қолөнер шебері қатысты.
СНХ: ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұл конкурстың өткізілу себебі облысымызда қолөнершілерді дәріптеу, арман қарай марапаттау, өзіміздің жастарымызға үлгі ретінде мастерлерімізді шығару, өйткені көптеген мастерлер қазір үйде өздері айналысады да қалай халықтың алдына шығатынынын, жастарымызға қалай өнерлерінін көрсететінін кейбір жағдайда білмей жатады,соны көрсету үлгі ретінде осындай конкурсты ұйымдастырып жатырмыз.
РКС: Қазақ қыздарының нәзік бейнесі мен батырлардың айбынды тұлғасы бейнеленген дәстүрлі жұмыстармен қатар, ою-өрнектерге бай кесте өнерінің көркем үлгілері де көрермен назарына ұсынылды. Шеберлер заман талабына сай жаңашылдықты да танытты. Қайта өңделген пластикалық бөтелкелерден, киіз, тері, қыш және сүйек, металл мен ағаштан жасалған бұйымдар, сондай-ақ гравюра әдісі арқылы ойып жасалған ұлттық нақыштағы туындылар көрсетілді.
СНХ: РҮСТЕМ ШӘРІПОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Өзіме ұнайтын материал метал, сол күмістен, алтыннан, тастан жұмыс жасаймыз. Көркем жұмыстарды жасаймыз технология бойынша. Мысалы бүгінгі қатысқан облыстық сайысқа тақырып 5 қару деп жасағам, бұны металлдан жасағанмын. Қара металл, оны қыздырып, соғып, суреттерін безендіріп осындай 5 қаруын жасадым.
СНХ: НҰРЛАН ЕСЕНБЕКОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Осы керемет сайысқа қос туындымды әкелдім. Оның ішінде қазақтың киелі қара домбырасын, оның жасалу барысын, өзімнің ең бірінші Ана жүрегі атты композициялық жұмысымды ұсындым. Осы жұмвстарым жүлделі орынға ие болды өте қуаныштымын. Жалпа осы сайысқа қатысқандардың барлығы жүлделі орындарға лайықты деп ойлаймын.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Рүстем Шәріпов еншіледі. Жүлделі екінші орын Нұрлан Есенбековке берілді. Степногорск қаласынан келген қолөнер шебері Мырзабек Қадырбаевтың туындылары үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ