ДИКТОР: Ақмола облысының полиция қызметкерлері Буланды ауданында азаматтары үшін көшпелі қабылдау акциясын ұйымдастырды. Ашық диалогқа 350-ге жуық тұрғын қатысты. Мамандар азаматтардың жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтарына жауап беріп, интернет алаяқтықтан қалай қорғану керектігі және ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндады.
ШУМ: Здравствуйте, юные инспектора дорожного движения. - Здравствуйте, господин полковник.
- Приступить к раздаче брошюр по безопасности дорожного движения. - Отряд, приступить к раздаче буклетов.
РКС: Іс-шараның көрігін балғын жол инспекторлары қыздыра түсті. Акцияны тамашалауға келген әр тыңдаушыға жол қауіпсіздігінің белсенділері жолдағы іс-әрекет пен тәртіпке қатысты ақпараттық парақшалар таратты. Жастардың осы мәселеге бей-жай қарамайтыны қуантады. 10 ай шінде Бұланды ауданында жол-көлік оқиғаларының саны артқан.
СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, оны шешудің жолдарын іздестіру біз үшін аса маңызды. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық білімін арттыру және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу. Кездесу барысында қауіпсіздік, интернет алаяқтық, ішкі істер органдарында жұмысқа орналасу және басқа да өзекті сұрақтарға жауап бердік. Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені тек тікелей қарым-қатынаста ғана сенім пайда болады. Азаматтардың полицияға деген сенімі – «Заң және тәртіп» қағидатының негізі.
РКС: Макинск қаласында өткен азаматтарды қабылдау акциясы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық бастамасының бір бөлігі. Полиция қызметкерлері халықпен тікелей қарым-қатынас мәселелерді жылдам анықтауға ғана емес, шешімдерді тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылдауға да мүмкіндік беретіні айтып отыр. Іс-шараға қатысқан тұрғындар белсенділік танытты.
СНХ: НАТАЛЬЯ БУЛАХМЕТОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ: Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында азаматтармен кездесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен киберқылмыстан қорғану жөнінде кеңестер берді. Бұл бастама аудан тұрғындары үшін пайдалы. Жүргізілген жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осындай акциялар тұрақты түрде өтсе дейміз.
РКС: Полиция департаменті жыл басынан бері өңірдегі жол-көлік оқиғалары саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен төрттен бірге артқанын айтады. Мамандар Ақмола облысында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуді жалғастыра бермек.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.