ДИКТОР: Биыл Қазақстанда стационарларда паллиативті көмек көрсетуге тариф көтерілді. Ауыр және емделмейтін сырқаттары барлардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызмет түрлерінің кешені тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілуде. Ақмола облысында бұл шара қалай жүзеге асырылып жатыр? Тілші баяндайды.

РКС: 25 жатын орынға арналған паллиативті көмек бөлімшесі облыстық онкология орталығында 10 жылға жуық уақыт жұмыс істеп тұр. Ең алдымен мұнда мамандандырылған стандартты емдеуге жатпайтын, қосымша терапияны қажет ететін науқастар емделеді.

СНХ: БОЛАТ ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып ашылдық. Алғашқы орталық Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылында болды. Облыстық көпсалалы ауруханасында орынның болуына байланысты бірігіп, осы денсаулық сақтау нысанына көштік. Жыл сайын бөлімше 500-ден астам науқасқа қажетті ем-домды көрсетеді.

ИНФО-ГРАФИКА: Паллиативті көмекті қажет ететіндер тізіміне онкологиялық аурулар жатады. Ол 41 процентке тең. Жүрек-қан тамырлары патологиялары - 27, тыныс алу жолдарының аурулары - 12, жарақат салдары - 11 және туберкулезбен ауыратын науқастардың саны 2 процент.

41% - ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР

27% - ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ПАТОЛОГИЯЛАРЫ

12% - ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

11% - ЖАРАҚАТТАРДЫҢ САЛДАРЫ

2% - ТУБЕРКУЛЕЗ

РКС: Паллиативті көмек, ең алдымен, ауырсынуды және басқа да жағымсыз симптомдарды жеңілдетуге, пациенттердің психологиялық және эмоционалдық жағдайын қолдауға және олардың туыстарының өмірін жеңілдетуге бағытталған.

СНХ: ВЕЧАСЛАВ ТОНКИХ, ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің мақсат - ем қабылдап жатқан науқастарымыздың өмір сүру сапасын арттыру. Кейбір топтағы ем алушыларды сауықтырумен қатар, олардың жағдайын мүмкіндігінше жеңілдетуіміз қажет. Оларға ауырсынуды басатын терапияны көрсету керек. Біз емдеу жоспарын әзірлейміз. Қарапайым дәрі-дәрмектерден бастап, есірткіге қарсы дәрілерге дейін барамыз. Бізде арнайы психолог бар. Әрбір науқас психологпен кеңесіп, оның көмегін ала-алады.

РКС: Қазақстан паллиативті көмекте қолданылатын дәрі-дәрмектердің түрін 18-ге дейін көбейтті. Былтыр 318 млн.теңгеге 9 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ