ДИКТОР: Қазақстанның фармацевтика нарығында кейбір дәрілік заттар бағасының төмендегені байқалады. 5 мыңға жуық сауда атауына шекті баға бекітілді. Бұл өзгерістер баға қалыптастырудың жаңартылған механизмін енгізудің жемісі.

РКС: Бағаны қалыптастырудың жаңартылған механизмі дәрі-дәрмектің құнын тағайындау процесін ашық әрі болжамды етуге бағытталған. Қазір 1707 рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмек мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық бағамен сатылып жатыр. Соған қарамастан, уәкілетті орган баға мониторингін жалғастыруда.

СНХ: ЕКАТЕРИНА МУСЛИНОВА, «ЗДОРОВЬЕ» ДӘРІХАНАЛАР ЖЕЛІСІ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің «Здоровье» дәріханалар желісінде шекті бағалар бойынша үнемі мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік реестрде әр дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілген. Бұл баға автоматты түрде деректер базасында көрсетіледі, және біз Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стандарттарды сақтаймыз.

РКС: Жыл басынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің Медицина және фармацевтика бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізді. Зерттеуге сұранысқа ие 50 дәрілік зат енгізілді. Вирусқа, қабынуға, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырлары және ас қорыту жүйелері ауруларын емдеуге арналған препараттар.

СНХ: ГАУХАР АЙТМҰҚАНБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың қыркүйегінде маусыммен салыстырғанда позициялардың 34%-ында баға төмендегені, қазанда – 50% позицияларда төмендеу байқалды. Ақмола облысы бойынша ең айқын баға төмендеуі Сумамед, нольпаза, супрастин, аторис, роксера, милурит препараттары бойынша тіркелді. Аталған дәрілер кең ауқымды ауруларды емдеуде жиі қолданылады.00:23

РКС: Дәрі-дәрмек бағасын реттеу халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуде шешуші роль атқарады. Өйткені, ол әлеуметтік маңызы зор тауардың қатарына жатады. Дәрілік заттарды сату кезінде заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, DariKZ және Naqty Önim мобильді қосымшалары арқылы хабарлау қажет. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне де жүгінуге болады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.