ДИКТОР: Ақмола облысында 3 мың шақырым жол аудандық маңызға ие. Соңғы 3 жылда 2 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Биыл жалпы облыстық маңызды тас жолдарды салу және жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық қазынадан 115 млрд.теңге бөлінді. Оның 65 миллиард теңгесі аудандық маңызы бар жолдарды және ауылішілік көшелерді жөндеуге жұмсалды.Жарқайың ауданы бойынша бұл жұмыстарға 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жұмыстың барысы мен сапасы қандай? Тілші баяндасын.
STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Жақсы-Державинск тас жолы 140 шақырымға созылған. Облыстық маңызы бар автомобиль тас жолының 40 шақырымнан астам бөлігі жөнделген. Кешегі шұқыр-ойлы тас жол, бүгінде теп-тегіс. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы негізінде Отрадный, Кен ауыл ішілік жолдарда жөнделді.
СНХ: НҰРИКАМАЛ МҰҚАНОВА, КЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұрын жол нашар жүре алмайтынбыз. Машина жүрмейтін, өзімізде жүре алмайтынбыз. Енді ауылымыз көр кейіп жол салынды. Шүкір жақсы болып жатырмыз.
РКС: Кенское ауылында негізгі 2 көше ғана бар. 1 шақырымына жуық бөлігіне асфальт төселді. Ал Отрадное ауылында 9 көше бар. Соның 2,5 шақырымға жуығы жөнделді. Биыл Жарқайың ауданы бойынша қала және ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 460 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа аудан орталығының көшелері де жаңартылды.
СНХ: ЕРБОЛ МҰҚАШЕВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі кезде жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Келер жылы тағы 4 көшенің жолын жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жақсы-Державинск тас жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
СНХ: БЕРІК СЕЙІТҚАЛИЕВ, ДАЛАБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына бізде көптен бері қинап жүрген аудан жолымыз істеліп, қазір рақат болып отыр. Ең басты көмекті берген облыс әкімімізге үлкен рахмет. Ол кісі болмағанда биыл бұл жол салынбас па еді. Сол кісі келгелі біраз жұмыстар орнынан қозғалды.
РКС: Ауданда 22 елдімекен мен 1 қала бар. Соңғы жылдары ауылдарды көркейтуге жергілікті кәсіпкерлер тарапынан зор қолдау көрсетіліп келеді. Отрадное ауылында 300-ден астам тұрғын бар. Елдімекендегі бизнес өкілдері ауылдың әлеуетін жақсартуға өз үлестерін қосуда.
СНХ: БЕЙБІТ ЕСЕНТАЕВ, ОТРАДНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Өзіміздің «Базовый» ТОО-мыз 100 миллион теңге көлемінде инвестиция салып ауылымызға административті корпус салуда. Оның ішіне кіретін жаңа асхана салып жатыр. Жаңа наубайхана салып жатыр. Халық та өзімізде қуанып жатырмыз. Тағы да өзіміздің 4 бюджетімізге сай «Жастар» көшесіне 12 баған бағасы 2 миллион 400 мың теңгеге орнатылды.
РКС: Соңғы 3 жылда аудандық жолдардың жай-күйі айтарлықтай жақсарды. Отрадное-Кенское ауылдарының арасын жалғайтын жолды жөндеуге байланысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Бұл жұмыс келер жылы қолға алынбақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ