ДИКТОР: Буллинг мектеп оқушыларының арасында ең өзекті тақырыптың бірі. Мұндай жағдайлардың жолын кесу үшін еліміздің барлық оқу орнында қыркүйек айынан бастап «ДОСБОЛLike» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Қысқа мерзімде жоба тиімділігін көрсетті. Аймақта аталған жоба қалай жүзеге асырылуда? Тілші баяндасын.
РКС: «ДОСБОЛLike» бағдарламасы көктемде пилоттық режимде іске қосылды. Ал қыркүйектің бірінен бастап аймақтың барлық мектебінде буллингке қарсы командалар жасақталды. Бір атап өтерлігі, оның құрамына мектепке тікелей қатысы бар мұғалімдер, білім ошағының әкімшілігі, ата-аналар мен оқушылар кіреді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ АЙМАХАН, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ КОМАНДАНЫҢ ВОЖАТЫЙЫ: Осы «ДОСБОЛlake» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр. Өзім сынып жетекші ретінде айтатын болсам, осы тоқсандық, яғни тоқсандық бір рет осы дос болайық бағдарламасы бойынша сынып сағатын өтіп отырмыз. Енді алдағы уақытта біздің алдағы қойған мақсатымыз осы дос болайық бағдарламасы бойынша кабинеттерді ашу бұл, яғни кабинетті ашудың негізгі. Өздері де өздерін жоспарлаған іс шараларын жұмыс атқара алады, сонымен қатар осы «ДОСБОЛlike» бағдарламасы негізі педагогтерге сенімен үйлесімнің негізі болатын болса, ата аналар үшін осы балаларын мектепте жайлы сезінудің негізгі бағыттарын қарастырып отыр.
РКС: Оқу-ағарту Министрлігі әзірлеген бастамада оқу орындарын тексеру, сондай-ақ оқушылармен әңгімелесу және құпия сауалнама жүргізу қарастырылған. Вожатыйлар мен ұстаздардың жұмысы қауіпсіз әрі жайлы ортаны қалыптастаруға жәрдемдеседі. Ол жерде әр оқушының пікірі тыңдалып, қолдаусыз қалмайды. Мұның бәрі сыныптағы ішкі атмосфераға қолайлы әсер етеді,-дейді оқушылар.
СНХ: ГАУХАР ҚУАНЫШБЕК, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бағдарламаның арқасында қазіргі уақытта оқушыларымыздың арасында сыйластық, мейірімділік, достық атмосферасы орналасқан біз білеміз, егер бізге бірдеңе болып қалса, буллинг жанжал болса, біз әрдайым кез келген мұғалімге жақындап, ыыы бөлісе аламыз, біздің мектептің психологына еркін өзіміздің ойларымызды айта аламыз.
РКС: Жобаның тиімділігін оқушылар ғана сезінген жоқ. Білім бөлімінің мамандары мектептердегі түрлі жанжал деңгейінің төмендегенін айтып отыр. Сонымен бірге бастауыш сыныптар арасындағы балалардың ұстазға деген сенімі де біршама артқан. Оны мониторингтің ресми мәліметтері де растайды,-дейді мамандар.
СНХ: БАХЫТГҮЛ ДУЛАЙҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Көкшетау қаласында жалпы 27 мектеп бар. Сол 27 мектепте толыққанды «Досболлайк», жұмысы іске асырылған, ол жерде «Досболлайк» бойынша тоқсанына бір рет жұмыс жүргізілсін деп бекітілген, бірақ күнделікті сынып жетекшілері, психологтар, жалпы мектепте жан жақты жұмыс жүргізіледі. Соның негізінде «Досболлайк» бағдарламасы бойынша бізде өте жақсы жұмыс жүргізіліп тұр, біздің бақылауымызға қарағанда бесінші даярлық сынып және бесінші сыныптар арасындағы Тестированияның нәтижесінде 5 процентті көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз «Дос болайық» бағдарламасының жалпы жан жақты жақсы жұмысы нәтижесі деп білеміз.
РКС: Буллингті балалар арасындағы тентектік деп қабылдау жеткіліксіз. Бүлікшілерге қарсы арыз-шағым түссе, онда олардың ата-аналары 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Егер қудалау қайталанса айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ