ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Садовое ауылының тұрғыны төрт түліктің тезегінен көгілдір отын алып, үйіне, маңындағы шаруашылыққа тегін жылу мен электр энергиясын алып отыр. Одан қалған қалдықтан өсімдіктер мен егін шаруалығына қажет тыңайтқыш өндіруде.

ИНТЕР ШУМ: Мынау менің артымда тұрған биореактор деп аталады. Ол органикалық қалдықтарды қайта өңдеп, пайдаға асырады. Бұл экологиялық таза отын деп аталды. Міне мынау жанып тұрған газымыз.

РКС: Бақытжан Мәметхан 30 жылдан аса ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Осыдан 3 жыл бұрын жеке кәсібін ашыпты. Органикалық қалдықтардан, яғни малдың қиынан көгілдір отын өндіріп, өзі тұратын үй мен шаруашылығын тегін газ және жарықпен қамтып отыр. Бұған дейін мал ұстап көрмеген өнертапқыш кәсібін бастар тұста 40-қа жуық сиыр сатып алған. Айтуынша төрт түліктің еті мен сүтіне қарағанда тезегінен кірер кіріс әлдеқайда көп.

СНХ: БАҚЫТЖАН МӘМЕТХАН, КӘСІПКЕР: Ауылды жерде ойлайды ауылда тірлік қалған жоқ деп. Ауылда тірліктің көкесі қалды. Мына малдың етінен сүтінен де 4-5 есе беріп тұрған отходы, көңі пайда көп әкеледі. Малдың көңінде 70 пайыз метан бар. 1 тонна навоздан 70 текше метр метан ала аласыздар. 1 текше метр метанымыз 1,5 кг шұбаркөл көмірінің жылуын береді. Негізі Қазақстанда органикалық қалдық жетеді. Оны дұрыс өңдеп пайдаға асырып, ауылды жерде гүл гүл жайнап отыруға болатынының осы дәлелі.

РКС: Шаруа малдың тезегін далаға тастамай, бірден биореакторға жөнелтеді. Жұмыс автоматтандырылған.

СНХ: БАҚЫТЖАН МӘМЕТХАН, КӘСІПКЕР: Малдың көңіне келетін болсақ құрамында 70 пайызға дейін метан 2 жарым пайыз күкірт 30-40 пайыз улы кисло газ осылардың бәрін сұрыптап өңдеп шыққан кезде біз макро микро элементтер өте жоғары тыңайтқыш алады. Бұл жағдайда метан деген зат жоғары тыңайтқыш алған кезде тамырға зиян келтіреді. сондықтан метанды 100 пайызға шығарамыз. Міне мына метанды шығарамыз, мына метанмен біз толық осы помещениені 900 квадрат метрді тегін отопление, киловаттар, осындай кәсіпкерміз. Мына жақтан отход кіреді, газы шығады, тынайтқыш шығады.

РКС: Дамыған елдерде органикалық қалдық толық кәдеге асырылады. Ал елімізде қолданылмай жатқан шикізат аз емес. Әсіресе төрттүлік өсіріп отырған шаруашылықтардың маңайында үйілген тезек көп.

СНХ: БАҚЫТЖАН МӘМЕТХАН, КӘСІПКЕР: Бұл менің патентім, сызбасын барлығын мен ойлап таптым деген нәрсе емес, Германия елінде биогаз 20 ғасырдан бері бар. Бірақ Қазақстан қолға алған жоқ, үлкен биореактор жұмыс істегенін көріп тұрған жоқпын. Мұны сатып алу мүмкін емес, өте қымбат. Сол себептен осы сызбалардың барлығын өзім сызып, эксперименттен өтіп, нәтижеге жетіп, патент иесімін.

РКС: Ауылға елдің әр өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен талапкерлер арнайы келеді. Олар мұнда қи мен тезектен газ өндіруді үйренеді. Солардың бірі – моңғолиялық кәсіпкер Қайрат Жансерік. Ол ерекше бастаманы әлеуметтік желіден көріпті. Өйткені шетелде мұндай жобаларға сұраныс жоғары көрінеді.

СНХ: ҚАЙРАТ ЖАНСЕРІК: Негізі Монголияда өзімнің кәсібім бар соны тастап осыны үйрену үшін осында келдім. Келгеніме көп болмады 3 күн болды. Негізі 10 күнге келіп көріп біліп үйреніп аламын деп ойлағанмын бірақ әрі қарай қалуым керек сияқты ұнап жатыр. Осыны көріп үйреніп Моңғолияға апарып жүзеге асырып жалғастырамын ба деген мақсатым бар.

РКС: Бұл қалдықсыз өндіріс. Кәсіпкер экологиялық таза отыннан қалған қалдықтан био тыңайтқыш өндіріп отыр. Оның жапыраққа, өсімдік пен астықтың тамырына тигізер әсері зор. Био тынайтқышты қолданған диқандар биыл мол астық алған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ