ДИКТОР: Баскетболдан әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лиганың 34-ші ел чемпионаты өткен жылдың қазанында басталған еді. Осы айда плей-офф кезеңімен аяқталады. Қазір Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы плей-офф ойындары аясында павлодарлық «Ertis» құрамасымен бақ сынап жатыр. Командалардың кезекті кездесуіне Тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: Биылғы маусымда чемпиондық атақ үшін елдің үздік клубтары «Tigers», « Барсы Атырау», «Тұран», «Ертіс», «Каспий Ақтау» және «Оқжетпес» командалары өзара бақ сынауда. Жартылай финалда «Tigers» командасы «Барсы Атырау» клубымен кездессе, екінші жұпта «Оқжетпес» пен «Ertis» өзара мықтыны анықтап жатыр. Командалар финалға жолдама алу үшін 3 жеңіске дейін ойнайды. Мамырдың 5-інде көкшетаулықтар Павлодар командасын 89:87 есебімен жеңді. Екінші ойын мамырдың 6-сында өтті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БОРИС ФАТКУЛИН, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Жеңіл ойын күтпеймін. Плей-офф ішкі чемпионаттан өзгеше деңгейдегі ойындар. Мұнда әр ойын жауапты. Өте қиын матч болады деп ойлаймын. Бірақ командамызға сенемін, шыдап, жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін. Қалыпты түрде жаттығып, жақсы дайындалдық. Физикалық дайындықтан өтіп, залда да ойнадық.
РКС: Есепті «Ertis» командасы ашты. Алаң иелері бұған белсенді шабуылмен жауап берді. Нәтижесінде алғашқы минутта есеп 2:3 болды. Алғашқы он минуттық кезең 23:15 есебімен «Ertisтің» пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Көкшетау командасының баскетболшылары шабуылда белсенді болып, нәтижелі ойын көрсетті. Қонақтар айырмашылықты екі есеге ұлғайтып, үлкен үзіліске дейін есепті 44:34-ке жеткізді.
СНХ: КАМИЛА АМАНЖОЛОВА, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Үйде ойнағанда жауапкершілік өте жоғары. Ойындарымызға келетін жанкүйерлердің барына өте қуаныштымыз. Бұл үйдегі төртінші ойынымыз ғана. Үш жеңіске дейінгі серия ойнаудамыз, қазір де, Павлодарда да жеңіске жеткіміз келеді. Баскетболшыларымыз өте жақсы. Әркім өз міндетін жақсы біледі. Бұл ойындарға бір ай бойы дайындалдық. Жаттықтырушының барлық тапсырмаларын орындаймыз.
РКС: Үшінші кезеңнің соңына қарай алаң иелерінің артта қалуы 11 ұпайға дейін қысқарды. Алайда соңғы кезеңнің ортасына таман көкшетаулықтар айырмашылықты толық жойды. Ал ойынның соңғы минутына қарай қарсыластарынан бес ұпай алға шықты. Бұл басымдылықты сақтап қалып, матчты 83:78 есебімен «Оқжетпес» өз пайдасына аяқтады. Командалардың соңғы үшінші кездесуі мамырдың 10-ында Павлодар қаласында өтеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ