ДИКТОР: Ұлы Отан соғысында майдан мен тылды байланыстырған хаттар болғаны белгілі. Ауыл аймақтың жаңалығын ұрыс даласына, ал оқ пен оттың арасында күнделікті басын қатерге тігіп жүрген жауынгерлердің амандығын үш бұрышты хаттар жеткізіп жатты. Бірі баласынан асыл жарынан жұбайынан соңғы хатын алып, жабырқаған көңіліне үміт отын жаққан болса, ал бірі ең соңғы хатын өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтап өтті. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрындағы «Соңғы хат» спектаклі сұрапыл соғысты тағы да еске салды.
Естет шум:
РКС: Бұл сұрапыл соғыс жылдары туған әндер әлі күнге дейін жүректерді тербейді. Олардың әр сөзінде, әр нотасында елге деген сағыныш, туған топыраққа аман жетсем екен деген арман, туған үйімнің табалдырығын қайта аттап,туғандарыммен қауышсам деген үміт жатыр. Ал сол жылдары туған өлең жырлардың әрбірі кестелі орамал болып өріліп, әр атылған оқ бейбіт өмірді жақындата түскен сенімнің ұшқыны еді. Елде қалған қыз келіншектердің, аналардың төгілген жасы мен қан майданда төгілген қанның бір- бірімен байланысып, зұлым жауға деген кекке толы болатын. Театр сахнасындағы атмосфера да соны сездірді.
Естет шум:
СНХ: АЙТЖАН САНСЫЗБАЕВА, КӨРЕРМЕН: Әкелеріміз, аталарымыз соғыста болып, елді қорғап, бізге осындай өмір әперді. Менің жолдасымның әкесі де Сансызбаев Рақымжан соғысқа барып, соғыстан аман келіп, орден, мадельдарын алып, батыл барлаушы болып, Смерш контрразведкасының разведчигі болып, Ленинградтық блокадада Отанды қорғау деген қазақша газет ашқан. Соның бәрін істеп келіп, 45 жасында жеңістің 20 жылдығында қайтып кетті. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, есімізде сақтаймыз.
СНХ: НҰРЛАН ШАМИҒАНҰЛЫ, КӨРЕРМЕН: Есімізге көп маңызды ойлар кірді, ол кезде қандай маңызды патриоттық мәселе болды. Бүкіл ел көтеріліп, Отанымызды сақтаймыз деп, Отанымызды қорғаймыз деп қаншама адам майданға кетті. Бүгінгі спектаклдьде келген хаттар туралы айтылды. Хаттардың біріне қуанса, енді бірі қиын жағдайды жеткізді. Почтальон болғандар есімізде айтатын біз бара жатқанда әр үйге қорқынышпен барамыз, қалай бізді қарсы алады деп. Соның бәрін бүгінгі спектакльден көріп шықтық. Халық бірлікті сақтасын, енді мұндай жаман оқиғалар болмасын.
РКС: Отан соғысында ерлік көрсеткен әр жауынгердің елге жазған хаттары спектакль барысында оқылды. Онда отбасына ыстық сәлемін жеткізген әр азамат туған жерге жеңіспен оралатынын және ол күн де жақын қалғанын жазады. Үміт пен күдік арпалысып, сенім серпіліске ұласқан сәттердің алмасып келуі арқылы көңіл күйдің пернесі шертіледі. Пошташы әкелетін үш бұрышты хаттар алдағы сәулелі күнге жетелесе, қарғыс пен лағнетті жаудыртатын қара қағаз қабырғаны қайыстырады. Осының бәрін қарияның көзімен және оның немересінің сөзімен байланыстыра келе, жеңістің бізге оңайлықпен келмегені түсіндіріледі. Бейбіт күннің қаншалықты маңызды екенін спектакльден шыққан әр адам ойына түйіп қайтқаны анық. Ашық аспанның қадірін білейік.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ