ДИКТОР: Тілсіз жаудың алдын алу үшін құтқарушылар тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып тұрады. Ал көкшетаулық өрт сөндіруші қауіпсіздік ережесін көпшілікке ерекше форматта жеткізіп жүр. Домбырамен арнау ретінде айтып, ой тастауда. Бұл әдіс көп қаралым ғана жинап қоймай, тұрғындармен кері байланыс орнатуға жақсы,-дейді бүгінгі кейіпкеріміз.

Интершум:

РКС: Нөмірі 29-шы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Абзал Темірбаевтың төтенше жағдайлар қызметінде еңбек етіп жүргеніне 7 жыл. Халыққа өрт қауіпсіздігі ережесін айтып, түсіндіру басты міндеттеріміздің бірі,-дейді. Бірде қауіпсіздік ережесін домбырамен айтып, әлеуметтік желіге салады. Сол бейне көп қаралып, бірден жақсы пікірлер жинаған. Содан бері ол өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндірудің ерекше форматын қолданып жүр.

СНХ: АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ, №29 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Соңғы кездері халыққа түсіндіру ыңғайлы болсын, халық соған қызығушылық танытып, жүрегімен тыңдасын деген ниетпен домбырамен арнау арнаған болатынмын. Бұл да халыққа өте өтімді болды деп есептеймін. Қанымыз, жанымыз қазақ болғаннан кейін ұлттық дәстүрге деген қызығушылық бар. Домбыраның үнін естісе елең етпейтін қазақ жоқ. Сол домбыраның үнімен естілген әуен жәй сөзге қарағанда әлдеқайда өтімдірек болды деп есептеймін.

РКС: Төтенше жағдай кезінде әр секунд маңызды. Құтқарушылар өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін арашалап қалады. Кейде қызыл жалын мен қою түтіннің ортасында жүрсе, кейде мұздай суда немесе қираған ғимарат астында жұмыс істеуге мәжбүр. Кейіпкеріміздің айтуынша әр жұмыс ауысымы әртүрлі өтеді, кейде тәулігіне 7 шақыртуға дейін болады.

СНХ: АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ, №29 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеппін, өйткені мамандығым өзіме ләззат сыйлап жұмысты сағынып тұратын кездер өте көп. Айтады ғой жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспе деп неге өйткені екеуі де адамның бақытын еселейтін бақытына себепкер болады.

РКС: Абзал Амангелдіұлы болашақ жарын да қызметте жүріп жолықтырған. Бірде Красный Яр ауылындағы жеке меншік үйдің бірінен өрт шығып, гаражда тұрған газ баллоны жарылады. Абзалдың денесін күйік шалып, облыстық ауруханаға түседі. Сол кезде ем-дом жасап жүрген медбикені ұнатып, сезімін білдіреді.

ИНТЕРШУМ :

РКС: Құтқарушы болу – жүректің батылдығын талап етеді. Сондықтан да бұл салада еңбек ететін жандар нағыз ерлік иелері.

СНХ: НҰРЖАН СЕЙІТЖАНОВ, №29 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІСІ: Демалыс уақыттарында психологиялық жеңілдеу болады ғой сол кезде арнауларын айтып отырады. Жақсы тыңдап отырамыз. Өрт кезінде батылдығын көрсетеді, үлгілі адам. Дұрыс шешім қабылдауды айтып, үйретіп отырады.

РКС: Өрт сөндірушілерге құрмет – олардың еңбегін бағалап, қауіпсіздік ережелерін сақтаудан басталады. Сақтық шаралары олардың жұмысын жеңілдетіп, талай апаттың алдын алады.

Интершум:

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САНЖАР, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ