ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Родина ауылында Еліміздің Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің филиалы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, сондай-ақ «Халық қаһарманы» және «Еңбек ері» атақтарының иегерлері қатысты. Тілшіміз баяндайды.

РКС: Отан қорғаушылар күні жиналғандар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған обелискке гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Одан кейін әскери техника музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа музей өңір тарихы мен Отан соғысының батырларына арналған. Экспозицияда архивтік материалдар, әскери жәдігерлер, заттар мен құжаттар қойылған. Қонақтарға музей залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Родина ауылы тарихында ерекше және қуанышты сәт. Барша елге өзінің ерекше дамуы мен адамдарымен танымал Родина ауылында жаңа Әскери-тарихи музейі филиалыашылып отыр. Бұл – ауыл өміріндегі маңызды оқиға, рухани жаңғырудың жарқын көрінісі. Бүгін осындай қуанышты сәтті бізбен бөлісу үшін мәртебелі меймандарымыз арнайы келіп отыр.

РКС: Іргелес аумақта әскери техниканың 23 үлгісі - авиация, бронемашиналар мен зеңбіректер орналастырылған. Экспонаттардың басым бөлігі Отан соғысы кезеңінде жауынгерлік іс-қимылдарға қолданылған. Музей «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен, Қорғаныс министрлігінің қолдауымен құрылды.

СНХ: АРМАН ӘСЕНОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Иван Адамұлы бізге әскери-тарихи музей ашу туралы өтінішпен келді. Бұл идеяны біз Қорғаныс министрлігінің басшылығына жеткіздік. Олар бастамамызды қолдады. Осындай жұмысты жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Негізінен 1938-1946 жылдары шығарылған, тікелей жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезеңінің әскери техникасы іріктелді. Музейдің негізгі тақырыбы Ақмола өңірінің жауынгерлік даңқы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақмолалық батырлар ретінде айқындалды.

РКС: Отан қорғаушылар күні генерал-лейтенант Абай Тасболатов әскери қызметшілерді, ардагерлерді және барлық қазақстандықты мерекемен құттықтады. Ол тарихты сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

СНХ: АБАЙ ТАСБОЛАТОВ, ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ: Шын мәнінде бүгін – ерекше есте қалар күн. Отан қорғаушылар күнінде біз сапта тұрған, қызмет атқарып жүрген жауынгерлерімізді, сондай-ақ ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерін құттықтаймыз. Қарулы Күштердің, басқа да құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған азаматтарға ерекше құрмет көрсетеміз.

РКС: Іс-шараға жиналғандарға патриоттық әннен шашу шашылды. Шығармашылық ұжымдар шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұдан бөлек, жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов реновация бағдарламасы аясында ауылда салынған жаңа ғимараттарды аралады. Шамамен ескі 20 үйдің орнына жаңа баспаналар бой көтерген. Осылайша, 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылды. Родина ауылы өңірдегі ең абаттандырылған және әлеуметтік тұрғыдан дамыған елді мекеннің бірі. Мұнда өмір сапасына, инфрақұрылымға және тарихи мұраны сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ