ДИКТОР: Өңірде ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұрын облыс орталығында ғана қолжетімді болған медициналық қызмет түрлері енді біртіндеп аудандық ауруханаларда да көрсетіле бастады. Мәселен, Біржан сал ауданында алғаш рет заманауи хирургиялық операцияларды өткізуге қатысты шеберлік сағаты өтті. Атап айтқанда, өт қабын мейлінше аз инвазивті әдіспен алып тасталды. Науқастар үшін оның тиімділігі неде? Бұған дейін мұндай операциялар аудан деңгейінде неге жасалмаған? Томирис Идрисова баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Осы уақытқа дейін мұндай операцияларды аудандарда жасау мүмкін болмай келді. Өйткені, оны тиісті деңгейде өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар болған жоқ. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Медициналық мекемеде қажетті лапароскопиялық құрылғылар бар. Ол операцияларды аз инвазивті әдіспен жасауға мүмкіндік береді.

СНХ: МАРАЛБЕК ЖИНАЛЫСҰЛЫ, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Ал қазір осы операцияны жасауға ауданда барлық мүмкіндіктер жасалынды, бүкіл жабдықтар бар. Бүгін екі операцияны сәтті өткіздік, енді әрі қарай осындай операция түрлерін өз аудан орталығында өзіміз жасайтын боламыз.

РКС: Облыстық көпсалалы ауруханасының жекетші мамандары шеберлік сағатын өткізді. Сарапшылар қатарында жоғары санатты хирург дәрігер, облыстың штаттан тыс бас хирургы және өңірдің бас анестезиологы болды. Басты мақсат – жергілікті мамандарға өз тәжірибемізді үйрету,-дейді тәжірибелі ақ халаттылар.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Егер бұрын мұндай операциялар облыстық және қалалық ауруханалар деңгейінде ғана жасалса, қазір олар аудандық ауруханаларда да қолжетімді бола бастады. Осы орайда Біржан сал ауданындағы әріптестерімді құттықтаймын. Бұдан былай аудан тұрғындары мұндай операцияларды алысқа сабылмай-ақ, жергілікті жерде жасата алады.

РКС: Шеберлік сағаты аясында екі науқасқа операция жасалды. Бұл хирургиялық араласулардың әдеттегі қуыстық операцияларға қарағанда айтарлықтай артықшылығы бар. Себебі оларды жасау үшін кең тіліктер жасаудың қажеті жоқ. Барлық манипуляция диаметрі 2–3 сантиметр болатын екі тесік арқылы жүргізіледі. Одан соң науқастар тезірек сауығады және операциядан кейінгі кезеңді жеңіл өткереді.

ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ