ДИКТОР: Көкшетауда еуропалық сыртқы киімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындарына қой терісінен жасалған түрлі тондар мен сыртқы киімдер ұсынылған. Ұйымдастырушылар маусымның ең үздік ұсыныстарын таныстыруда. Ал атып алушылар тиімді бағада сапалы заттарды сатып алудың бірегей мүмкіндігін пайдалануда.

РКС: Көрме кез келген талғамға және климатқа қолайлы арнайы модельдерді ұсынып отыр. Жеңіл мамық күртешелер, қой терісінен жасалған жылы пальтолар, ыңғайлы қысқы парканың түр-түрі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің классикалық курткалары да бар. Барлығы – еуропалық сапада, арнайы жылытқыш қаптамасы бар. Заманауи дизайнға сай жасалған.

СНХ: МАКСИМ ВАСИЛЬЕВ, КОМПАНИЯНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: Ресейдегі көптеген еуропалық сырт киім дүкендерінің жабылуына байланысты және тауарларды шет елге экспорттау тоқтағандықтан сырт киімдерді ТМД елдеріне апарып сатуға бел будық. Оның ішінде Қазақстан мен Беларуське. Себебі, бұл елдердің қысы суық. Сондықтан, ызғарлы қысқа арналған норвегиялық Аляска мен қой терісінен жасалған сырт киімдерді ең төмен бағада сатып жатырмыз. Нарықтағы бағадан 2, 3, тіпті 4 есетөмендетіп сатып жатырмыз.

РКС: Сатып алушылар көрмеге қойылған киімнің кең таңдауын ғана емес, шын мәнісінде пайдасын да ерекше атап өтуде. Көпшілігі отбасымен келіп, жеңілдікті оңтайлы пайдаланып жатыр. Бірден бүкіл отбасына қысқы киім сатып алуды жөн көреді.

СНХ: ӘСЕЛ ХАМИТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен жарнаманы көріп, осы дүкенге келуді ұйғардым. Мені таңғалдырғаны мұндағы ассортименттің көптігі. Тек сырт киімдер ғана емес, тіпті қой терісінен жасалған пальтолар да бар. Қала тұрғындарын осы жерге келіп, сауда жасауға шақырамын. Себебі, сапасы жоғары, ал бағасы өте тиімді. Міне, мен 2 куртка сатып алдым.

РКС: Жинақтар шектеулі көлемде ұсынылған. Өлшемдер қатары 44-тен 70-ке дейін. Ерекше қызығушылық тудыратын жеңілдік те қарастырылған. Екі куртка сатып алған кезде үшінші сырт киім сыйлық ретінде тегін беріледі. Көрмеде норвегиялық компанияның брендтерінің бірі – Goostaw Bergen фирмасының киімдері бар.

СНХ: МАКСИМ ВАСИЛЬЕВ, КОМПАНИЯНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: Бұл -65 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алатын Аляска. Сыртқы матасы 5 қабатты мембрана. 20 мыңдық маркировканың арқасында су өткізбейді, желден қорғайды және кез-келген жағдайда өз пішінін сақтайды.

РКС: Айта кетейік, эксклюзивті көрме-жәрмеңкесі қарашаның 20-сы мен 22-сі аралығында Көкшетаудағы Әуелбеков көшесі 99-шы және 141-ші мекенжайларында өтеді. Сонымен қатар жәрмеңке Щучинск қаласында да ұйымдастырылған. Ондағы мекенжайы — Мұхтар Әуезов көшесі 73 үй.

ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ