ДИКТОР: Қыс жақындағанда көмір төңірегіндегі қарбалас та күшейеді. Жылу беру маусымына дайындық тек пеш жағатындар үшін ғана емес, тұтас қаланың сын-тегеуріні. Қара алтынға деген сұраныс күннен-күнге артып, теміржол тұйықтарындағы қозғалыс қыза түсті. Тілшіміз Сәния Есімсейітова Көкшетаудағы көмір жеткізіліміне қатысты ахуалды рет-ретімен таразылап көрді.
РКС: Қыс қыр астынан жылт ете салысымен, өңірде көмірге деген сұраныс күрт артты. Баға да баяулап тұрған жоқ. Әсіресе Көкшетауда қызуы жақсы Шұбаркөл көміріне сұрныс жоғары. Биыл бұл қара отынның бір тоннасы 20 мың теңгеден асты. Аймақтың қысқа қажеттілігі аз емес. Шамамен 172 мың тоннадан аса көмір керек. Сұраныс өсіп, нарық қызған шақта, көмір мәселесі биыл да өңірдің ең өзекті тақырыбына айналды.
СНХ: СҰЛУШАШ НҰРЛАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен көбінесе Шұбаркөл көмірін таңдаймын, сапасы мықты. Әдетте 5 тоннадан алатынмын, ал бұл жолы 4 тоннаға жуықты жеткіздік. Менде жылда артылып қалады. Шұбаркөл көмірі жылуды жақсы сақтайды. Қазір дәл осы көмірмен от жағып отырмын. Маған ұнайды, жақсы көмір.
СНХ: РӘШИДА БАЙДҮЙСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 21 мыңнан Қаражар аламыз. Көмір жақсы, жылу ұстайды, бізге жарайды. Ал Шұбаркөлдің қызуы қатты, плитаны жарып жібереді. Бір маусымға 6 тонна аламын. Бізге жетеді, кейде қалады.
РКС: Қалада 8 теміржол тұйығы бар. Ол жерлерде жылу беру маусымына қажет көмір қорының тең жартысын тұрғындарға саудаланады.
СНХ: ЕРЛАН ҚАШҚЫНБАЕВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚМОЛА БӨЛІМШЕСІ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫ АГЕНТТІК ПУНКТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жыл басынан бері тұрғындар үшін Көкшетау қаласына теміржол арқылы 4862 вагон көмір жеткізілді. Бұл шамамен 340 мың тонна. Өткен жылғы көрсеткіштен кем емес. Қаладағы 8 теміржол тұйығында Шұбаркөл, Майкөбе, Қаражыра, Жалын, Ботақара және Қарағанды көмір бассейндерінің сапалы көмірлері сатылады. Біз тұрақты түрде осы позицияларды бақылап, мониторинг жүргізіп отырамыз. Көмірдің жеткізілуі күнделікті бақылауда. Үздіксіз әрі кешігусіз жүзеге асырылады.
РКС: Қала әкімдігі өңірде жылу маусымы басталғалы бері көмір жеткізу жұмыстары қарқын алып отырғанын айтты.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Қазір облыс орталығындағы теміржол тұйықтарында шамамен 21 мың тонна көмір қоры бар. Оның 9 мың тоннадан астамы сұранысқа ие «Шұбаркөл» көмірі. Оның тоннасы 20 200 бен 22 500 теңге аралығында сатылуда. Сонымен бірге тұйықтарда «Қаражыра», «Жалын» және «Майқұба» көмірі де жеткілікті. «Қаражыра» көмірінің тоннасы шамамен 18 000 мен 20 000 теңге, «Жалын» - 22 000 теңге, ал «Майкөбе» көмірі 15 000 мен17 000 теңге көлемінде ұсынылуда.
ГРАФИКА:
ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ КӨМІР МАРКАСЫ
АТАУЫ: «ШҰБАРКӨЛ» «ҚАРАЖЫРА» «ЖАЛЫН» «МАЙКӨБЕ»
ИП «КАСЫМОВ» 20 200 теңге
ИП «ИВВИ» 20 200 теңге
ТОО «КМК КӨМІР» 21 000 теңге 18 000 теңге
ТОО «KZ – 2050» 21 000 теңге 18 500 теңге 16 000 теңге
ТОО «СЭУС» 20 300 теңге
ИП «ШАЯХМЕТОВ» 22 500 теңге 21 500 теңге 22 000 теңге 16 500 теңге
ИП ДЕМБИЦКИЙ 20 500 теңге
ИП «МАМЛИН» 20 500 теңге 15 500 теңге
РКС: Қала әкімдігі мен жауапты мекемелердің мәліметіне сүйенсек, қатты отынның негізгі маркалары бойынша тапшылық жоқ. Демек, алдын ала қамданған жағдайда, биылғы қысқа қажетті көмір көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ