ДИКТОР: Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына оқушылар, мемлекеттік қызметшілер және табиғатқа бей-жай қарамайтын тұрғындар белсене атсалысты. Бұл жолы қатысушылар назары жергілікті халықтың ең сүйікті демалыс орындарының бірі — көрікті Аққайың тоғайына ауды.

РКС: Биыл ауданда мыңнан астам сенбілік пен «Таза бейсенбі» шаралары ұйымдастырылды. Бұл игі бастама қараша айында да жалғасын тапты. Мұндай акциялар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген ұқыпты мәдениетті қалыптастыруға да зор үлес қосады.

СНХ: ҚАРШЫҒА СМАЙЫЛОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін Таза Қазақстан акциясына белсене қатысудамыз, мен жалғыз емеспін, біздің әріптестермен барлық мектеп оқушыларымен бүгін. Карликовая рощамызды тазалауға келдік, бәріміз атсалысып жатырмыз, қуана қуана, себебі бұл жер біздің демалуымызға жайлы және таза болсын деп соған барлығымыз бірдей атсалысып жатырмыз. Біздің елімізді таза ұстау әр Қазақстан азаматының борышы деп ойлаймын.

СНХ: АРТЁМ КРАСНОВ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Ғаламды қоқыстан арылтып, тазара түсуіне өз үлесімді қосқым келгендіктен, бұл акцияға қатысуды жөн көрдім. Осы шараның арқасында орманымыз бұрынғыдан да таза, көрікті болмақ.

РКС: Мемлекеттік қызметшілер акцияға қатыса отырып, әр адамның жалпы нәтижеге қосқан маңызды үлесін көруге болатынын айтады. Тек биылдың өзінде заңсыз 40 қоқыс алаңы жойылды.

СНХ: ЕЛАМАН ҚАРАШИН, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі таңда жақсы ауданы бойынша бүгінгі таңға дейін мың сегіз сенбіліктер өткізілген. Одан бөлек 9816 тонна қоқыс шығарылған 9457 Бүгінгі таңға дейін 9457 ағаш отырғызылды аудан бойынша және де. Осы барлық акцияларда бүгінгі таңға дейін 8 мыңнан аса адам осы акцияларда сенбіліктерге қатысты.

РКС: Акция қорытындысында қатысушылар бірнеше тонна қоқыс пен кепкен жапырақты жинады. Мұндай игі бастама бұдан былай да жалғасын табады.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ