ДИКТОР: Көкшетауда «WorkTech: инновациялық экономика үшін кадрлар» атты аймақтық конференция ұйымдастырылды. Шара жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған.

РКС: Конференция барысында аймақта жұмыс күші жетіспейтін салалар талқыланды. Мәселен, жаңа технологиялардың дамуымен нарықта жаңа бағыттар пайда болып, кадрларға қойылатын талаптар да күрделене түсті. Осыған орай Мемлекет басшысы әр өңірдің сұранысына сай маман даярлау қажеттігін айтқан еді. Соның негізінде «Мамандығым – болашағым» жобасы жүзеге асып, әр өңірде жаңа мамандықтар атласы дайындалды. Агроөнеркәсіп әлеуеті басым Ақмола облысында агротехнология саласындағы мамандарға сұраныс жоғары. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, тау-кен, цифрлық өндіріс және инженерлік мамандықтар бойынша да кадр тапшылығы бар, -дейді қатысушылар.

СНХ: МӨЛДІР ҚАЙРУШЕВА, «НОВОПЭК» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ HR БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 2025 жылдың басынан бастап,жоғары техникалық колледжге біз қол қойып, мансап орталығымен бірлесе отырып, біз жоғары техникалық колледждердің базасында тігінші мамандығын ашып,тігінші микроквалификациясын ашқан болатынбыз.Қазіргі таңда сол квалификацияны аяқтап, НОВОПЭК компаниясында жұмыс істеп жатқан адамдар саны 8-ге жетеді. Бүгінгі шарада меморандумда қол қойғандықтан кейін, ары қарай оқу бағдарламасын мұғалімдердің ұжым құрамын бірге талқылап, одан кейін оқытуымыз жүзеге асады деген ойдамын.

РКС: Шара барысында Біліктілік орталығы таныстырылды. Ол қысқа мерзімде қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін микроквалификация бағдарламаларын әзірлейді.

СНХ: ДИНАРА РЫСПАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Бұл бағдарламалар қысқа мерзімде нақты бір қызметті орындауға қажетті білім, дағды және құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Басты мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар дайындау. орталығы Шоқан Уәлиханов атындағы университет базасында ашылады. Ол жұмыс берушілермен және колледждермен бірлесіп жұмыс істейді. Микробіліктілік бағдарламалары – икемді, практикалық әрі қазіргі еңбек нарығы талаптарына бейімделген оқу форматы. Олар дербес те, бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының бөлігі ретінде де іске асырыла алады.

РКС: Конференция соңында университет пен жұмыс беруші ұйымдар арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ