ДИКТОР:Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында заманауи жүзу бассейннің құрылысы аяқталды. Оны аудан тұрғындары 30 жыл күтті. Сондай-ақ дәл бүгін Бурабай ауданында көпфункционалды жаңа спорт сарайы ашылды. Аталған нысандар аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытуда маңызды кезеңіне айналды әрі барлық жастағы тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Баландин қатысты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Мұндағы жаңа үйірменің ашылуын әсіресе жас спортшылар қуана қарсы алды. Мәселен, мұндағы бассейн құрылысы сонау 90-шы жылдары басталған. Алайда қаржы тапшылығынан осы күнге дейін аяқталмай келген еді. Енді көптен күткен жоба аяқалып, жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді. Спорт мектебінің тәрбиеленушісі - Тимур Вольский қазақша күрес спортымен 5 жыл айналысады. Жасөспірімнің алға қойған мақсаты да үлкен. Енді жүзу спортымен айналысуға да ниетті.
СНХ: ТИМУР ВОЛЬСКИЙ, ТӘРБИЕЛЕНУШІ: Бүгін біздің қаламызда бассейн ашылып жатыр. Бұл өте керемет жаңалық. Енді көп балалар, жүзумен айналыса алады. Әкімшілікке осындай үлес қосқан үшін рахмет.
РКС: Ал спорт мектебінің өзі былтыр күрделі жөндеуден өткен. Қазір мұнда жас спортшылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мектепте 900-ге жуық тәрбиеленуші спорттың 7 түрімен жаттығады. Олар республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Болашақ ел чемпиондарын 27 білікті жаттықтырушы баптайды.
СНХ: ДМИТРИЙ БАЛАНДИН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Қала тұрғындарын жаңа заманауи бассейннің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Енді балалар суда жүзуді үйреніп қана қоймай, спорттық шеберліктерін шыңдап, үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік алмақ. Бұл жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларға үлкен серпін бермек. Алдағы уақытта олар ұлттық құраманың мүшесі атанып, еліміздің абыройын қорғайды. Сондықтан бұл тек өңірдің ғана емес, еліміздің спорттық әлеуетін нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
РКС: Бұған қоса, Щучинск қаласында заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. Кешен бір мезетте 500 адам қабылдауға қауқарлы.
СНХ: АНЕЛЬ ШОКАЕВА – ЧЕМПИОНКА МОЛОДЕЖНЫХ ИГР КАЗАХСТАНА ПО ЖЕНСКОЙ БОРЬБЕ:
РКС: Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан өңірдегі спорт инфрақұрылымын нығайтып, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етпек. Биыл облыста 7 спорт нысаны пайдалануға берілген. Жалпы, өңірде 1200-ге жуық спорт нысаны болса, оның басым бөлігі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Алдағы уақытта тағы 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ