ДИКТОР: Биыл Жарқайың ауданы 900 мың тоннаға жуық өнім жинады. Оның 10 мың тоннадан астамы майлы дақыл. Келер жылғы көктемгі егіс науқанына 66 тонна тұқым дайындалды. Ауыл экономикасының басты тетігіне айналған егін шаруашылығына мемлекет тарапынан «Кең дала» бағдарламасы аясында ауданға 7 млрд теңгеден артық жеңілдетілген несие және 9 мың литрден астам дизель отыны бөлінді.

РКС: Ауданның егістік алқабы 700 мың гектарға жуық. Оның басым бөлігі дәнді дақылдар. Биыл диқаншылар үшін ауа райы қолайлы болды. Құнарлы аймақта өсіп-өнген бидайдың сапасы да айтарлықтай жоғары.

СНХ: ДУЛАТ СЫЗДЫҚОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егін жинау науқанына 1 мың комбаин, сондай-ақ 700-ге жуық көлік тартылды. Биыл шаруашылықтар 15 трактор, 10 комбаин, 80-нен астам сепкіш, 2 егіс кешені және 4 тиегіш сатып алып, техникаларды айтарлықтай жаңартты. Жалпы алғанда, 2025 жылғы егін жинау науқаны Жарқайың ауданында тұрақты ұйымдастырылып, жоспарланған көрсеткіштер толық көлемде орындалды.

РКС: Жиналған өнімді сақтау үшін заманауи 11 астық кептіргіш кешені іске қосылған. Жалпы 8 кәсіпорын бар. Аудан элеваторларына 670 тонна дизель отыны мен 180 тонна газ бөлінді. Соның бірі, Кенское ауылында орналасқан № 5 «Хлебная база» серіктестігі. Мұнда 9 астық сақтау қоймасы бар.

СНХ: БЕРІК СЕЙІТМАҒАНБЕТОВ, №5 «ХЛЕБНАЯ БАЗА» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Астық сақтау қоймасы 74 мың 900 тонна. Складымыз бар 28 мың. Қалғаны элеватордың 46 мың. Біздің кептіру жұмыстары бұрынғыша. Мына элеваторда өзінің кептіру құрылғысы бар Целинный 50. Онымен күніне 500-600 тонна астықты кептіріп өңдеп алып отырмыз. Астық қабылдау уақытында тездетіп қабылдау үшін «Ynfratec» құрылымын алдық. Ол келген астықтың ылғалдылығы мен сапасын белгілеп жан-жаққа қай қоймаға апару керек екенін білдіретін ең бірінші сол апарат.

РКС: Аталмыш кәсіпорын күніне 2,5 мың тоннаға жуық астық қабылдайды. Астықты қоймаға жеткізбес бұрын бірнеше зертханалық тексерістен өтеді.

СНХ: ГАЛИНА ГОДУН, ЛАБОРАНТ: Бір машинадан күні бойы жинаймыз. Одан орташа тәуліктік нормасы шығарылады. Одан соң бәрі талданады. Қамырлылығы, ылғалдылығы бәрі тіркеледі. Егер ылғал көп болса, онда кептіріледі. Әрине, қамырлылығы 30 болғаны жақсы.Табиғилығы жақсы болғанына қараймыз. Кейде бидайдың иісі болуы мүмкін. Бәрін жан-жақты тексереміз.

РКС: Серіктестік 2019 жылдан бастап қапталған бидайды Қытайға экспорттауға рұқсат алған. Ең бастысы маңдай термен жиналған еңбектің жемісін көру, -дейді шаруалар.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ