ДИКТОР: Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылында ақпан айында тұрмысы төмен және жетім балаларға 16 баспана берілді. Олардың барлығы талай жылдан бері үй кезегінде тұрғандар. Жыл соңына дейін тағы 16 тұрғын қоныс тойын тойламақ.

РКС: Татьяна Ким жалғыз басты ана. Ол 2020 жылы "толық емес отбасы" санаты бойынша үй кезегіне тұрған. Ақпан айында көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Қазір жайлы пәтерде 6 жасар ұлымен тұрып жатыр.

СНХ: ТАТЬЯНА КИМ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мемлекеттен ақпан айында бізге пәтер берілді. Жаңа баспанам заманауи, кең, әрі жылы. Қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Тіпті, аулада балаларға арналған кең ойын алаңы да бар. Бұл өте керемет қой. Подъездіміз де жарық. Домофон мен бейнебақылау камералары жақсы жұмыс істеп тұр.

РКС: Жақын арада қуаныш иелерінің қатары көбеймек. Жыл соңына дейін кезекте тұрған тағы 16 адамға баспана беріледі.

СНХ: ДУЛАТ ЖАХИН, БАЛКАШИНО СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Алдағы уақытта 16 пәтерлі екінші тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Қазір құрылысы толығымен аяқталып, сатып алу кезеңінде тұр. Бұл пәтерлерде газ плита, аристон және сантехникалық жабдықтардың бәрі орнатылған. Бір сөзбен айтқанда тұрмысқа қажетті жағдайдың барлығы жасалған.

РКС: Жалпы Сандықтау ауданы бойынша 300-ге жуық адам үй кезегінде тұр. Келер жылы тағы 16 баспана беріледі деп жоспарланып отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ