ДИКТОР: Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бүгінде 1 мыңға жуық көкшетаулық тұрмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған. Осы ретте шаһарда профилактикалық бағыттағы жұмыстар күшейтілді.
РКС: Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қолдау - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе. Бұл бағытта құқық қорғау органдары тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырып, тұрғындармен кездесіп, түсіндіру шараларын жүргізуде.
СНХ: АЛЬБИНА ДӘУЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бүгінде Көкшетауда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 24 дерек тіркелді. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылып, профилактикалық бақылауға алынды.
РКС: Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетуде дағдарыс орталықтарының атқарып отырған ролі зор. Орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істейді.
СНХ: ӘСЕЛ САМРАТОВА, «ШАНС» ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Жыл басынан бері орталыққа 30 әйел мен 60 бала жүгінді. Қазір бізде 5 әйел мен 14 бала тұрып жатыр. Оларға уақытша баспана, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасуына және баспана кезегіне тұруына жәрдем береміз.
РКС: Отбасылық мәдениетті қалыптастыру, ақпараттандыру деңгейін арттыру және алдын алу шараларын күшейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ