ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Robohub атты жаңа робототехника кабинеті ашылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған бұл кабинет студенттерге робототехника саласындағы білімдерін жетілдіруге, тәжірибе жинақтауға және жаңа жобаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
РКС: Бұл кабинет ақпараттық жүйелеу және информатика мамандығында білім алып жатқан студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Мұнда олар робототехника, Lego,WeDo, VR және AR технологияларын қолдана отырып, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, өз қабілеттерін шыңдайды. Қазір студенттер Астана Хаб ұйымдастырған 6 айлық GameDev курсын аяқтап, ойын жобасын құрастырып жатыр.
СНХ: ЖАҢЫЛ СӘРСЕНБАЕВА, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ Болашақта бұл студенттердің жаңағы жобалау, ойлау, құру деген ойлау қабілеттерін дамытады. Біздің студенттер сонымен қатар өте қуатты ноутбуктармен жұмыс жасайды. Ақмола Хабта ұйымдастырылған Pizza Pitch стартап конкурсында менің студенттерім edublenai деген виртуалды сайт жасаған болатын. Бұл сайттың ерекшелігі толық цифлық ресурстардың барлығы жасанды интелект негізінде жасалған.
РКС:Жаңа кабинет білім беру саласындағы цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтіп, студенттердің техникалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға жол ашады. Сонымен қатар, жоғары білікті мамандарды даярлауға, инновациялық жобаларды іске асыруға тың серпін бермек.
СНХ:КЛАРА ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Студенттер біздің Қазақстанның болашағы. Өйткені қазіргі даму бағытымыз цифрлы технологияны енгізу, оқу жүйесіне еңгізу. Біздің университетте сол бір өте маңызды жұмыстар шаралар қолданылып жатыр. Осы мына бүгінгі робототехника кабинетінің ашылуы да соның дәлелі. Өйткені біз бүгін студенттерді болашақта Қазақстанның мүддесіне сәйкес негізгі даму бағытқа байланысты цифрлы экономика, цифрлы технологияны енгізе отырып жұмыс істейтін кадрларды дайындауымыз керек.
СНХ: ДАСТАН ИТЕНОВ, СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жаңа технологиялар сатып алынды, соның арқасында түрлі байқауларда үздік орындарды алуға мүмкіндік бар. Жұмыс барысында біз EF3 модульдік жүйесі бойынша роботтарды жинаймыз. Бұл - LEGO конструкторы. Яғни түрлі модульдер мен қосымшаларды біріктіре отырып робот құрастыруға мүмкіндік беретін құрылғы. LEGO арқылы роботты қадам-қадам бойынша құраймыз. Алдымен негізгі модульді орнатып, кейін түрлі датчиктерді қосамыз.
РКС: Мемлекет басшысы Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат етіп отыр. Цифрландыру – еліміздің дамуын қамтамасыз ететін тұрақты фактор, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын шешуші күш. Бұл бағыттағы бастамалар технологиялық серпіліс жасауға негіз болады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ