ДИКТОР: Соңғы бір тәулікте Көкшетауда полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған 250-ге жуық заңсыздықты тіркеді. Қазір облыс орталығында республикалық «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Соған байланысты шаһарда жол қауіпсіздігін күшейту шаралары қофлға алынды. Тәртіп сақшылары жолдардағы жағдайды квадрокоптерлер арқылы бақылауда. Жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көліктердің техникалық жағдайын тексеріп жатыр. Жедел алдын алу шарасының басты мақсаты жазалау емес, ескерту. Жол-көлік оқиғаларының қаупін сейілту,-дейді тәртіп сақшылары.
СНХ: БЕЙБІТ САДЫҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ерекше назар жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуына аударылуда. Олар – қарсы бағытқа шығу, көлікті алкогольдік масаң күйде басқару, белгіленген тыйым салушы бағдаршам сигналында өтіп кету. Тек соңғы тәуліктің өзінде 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде екі жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған, сондай-ақ бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 2 азамат ұсталды. Барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Кез келген жол ережесін бұзу – жол қозғалысына қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.