ДИКТОР: Жарқайың ауданы 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жұмыстарын бастады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупі бар аймақтарды қорғау мақсатында аудан әкімдігі кешенді шараларды қолға алып отыр.
РКС: Су басу қаупі жоғары Державинск қаласы, Гастелло, Үшқарасу, Пригородное, Костычево, Құмсуат, Львовское және Нахимовка ауылдары көктемгі тасқынның алдын алуға дайындық жоспарында ерекше ескеріліп отыр. Қазір бұл ауылдарда бөгеттер мен арнайы қорғандар күшейтілуде. Львовское ауылында арнаны кеңейту және тазарту жұмыстары толық аяқталды, ал Пригородное ауылында бұл жұмыстар жалғасып жатыр.
СНХ: ВЛАДИМИР ТАРАНТАЙ, ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биыл су тасқынына қарсы барлық жұмыс ойдағыдай атқарылып жатыр. Былтыр көктемде жанталасып жүрген едік. Биыл ерте қамданып, күзден бастап талапқа сай орындалып жатыр. Жұмыс барысы жақсы.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Пригородное ауылында 3 шақырымға жуық бөгетті нығайту жоспарланған. Қазір тең жарысы толық аяқталды, қалған учаскелерде жұмыс жалғасып жатыр. Бөгеттің ені мен биіктігі 6 метр. Ал, Львовское ауылында топырақ үйіндісінен жасалған қорғанды нығайту жұмыстары 300 метр ұзындыққа жүргізілді. Үйіндінің ені мен биіктігі 3 метрге жетеді. Бұл жерде де барлық жұмыс аяқталды.
КЕСТЕ:
Елді мекен Жұмыс түрі Ұзындығы Ені Биіктігі Жағдайы
Державинск қ. Қорғанды нығайту 600 м 4 м 4 м Аяқталды
Гастелло Қорғанды нығайту 700 м 4 м 5 м Аяқталды
Пригородное Қорғанды нығайту 2 900 м 6 м 6 м 1 500 м нығайтылды, жұмыстар жалғасуда
Львовское Қорғанды нығайту 300 м 3 м 3 м Аяқталды
Нахимово Қорғанды нығайту 200 м 3 м 3 м Аяқталды
Құмсуат Қорғанды нығайту 500 м 3 м 2 м Аяқталды
Үшқарасу Қорғанды нығайту 300 м 3 м 2 м Аяқталды
Костычево Арнаны кеңейту және тазалау 800 м 2 м 2 м Аяқталды
РКС: Биыл 5 адамдық, 40 аттың күші бар моторлы қайық сатып алынып, тұрғындарды эвакуациялау, ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу, жұмыстарына қолданылды. Бұдан бөлек, Державинск қаласы мен Гастелло, Пригородное ауылдарына 4 дауыс ұлғайтқыш хабарлау жүйесі орнатылды. Дайындық аясында 8 тонна жанар-жағармай, келесі жылы 5 мотопомпа, 10 000 қапшық жеткізіледі.
СНХ: ЕСПОЛ БИМАҒАМБЕТОВ, ЛЬВОВСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз топырақ үйіндісінен қорғанды толық көтеріп болдық. Былтыр су деңгейі 7 метр 200 сантиметрге дейін жеткен. Қазір бұл бөгеттің биіктігін 8 метрге дейін көтердік. Сондықтан келесі жылы Львовское ауылын су басу қаупі болмайды деп сенімді түрде айта аламыз. Сонымен қатар, 30 техника дайындап қойдық, ол кез келген төтенше жағдай орын ала қалса бірден бөгеуге жұмылдырылады.
РКС: Су тасқынына дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Барлық шара ықтимал қауіптердің алдын алуға, аудан халқы мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған. Ал Жарқайың ауданының әкімдігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ