ДИКТОР: Облыстық полиция қызметкерлері мектеп түлектерімен кәсіби бағдарға арналған кездесу өткізді. Оның аясында қатысушылар ішкі істер органдарының жұмысымен танысты. Шараға 400-ге жуық оқушы қатысты.
РКС: Кездесу барысында қатысушылардың назарына полиция бөлімшелерінің жұмысын сипаттайтын презентациялар мен бейнероликтер таныстырылды. Сондай-ақ, жасөспірімдерге арнайы жабдықтар, қорғаныс құралдары, қызметтік қару үлгілері және патрульдік автокөліктердің техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.
СНХ:РАЙХАН БЕРКЕНОВА КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ № 3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Мен Көкшетау қаласының Красный Яр ауылының нөмірі 3 көпсалалы мектеп гимназиясының педагог кәсіби бағдар Беркенова Райхан Арманмын. Бүгінгі полиция департаменті ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру іс шарасы өте мазмұнды әрі қызықты өтті деп айта аламын. Оқушылар өздерінің құқықтық салаға байланысты. Мамандармен танысып, мазмұнды іс шараға қатысты мұндай іс шара мектеп пен құқықтық сала арасындағы байланысты нығайтады, осындай іс шаралар жылдан жылға жалғасып, өз жалғасын таба берсін деген ниеттемін.
РКС: Шара барысында жедел әрекет ететін арнайы жасағының қызметкерлері мен кинологтардың жұмысы таныстырылды. Оқушылар республикалық және халықаралық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген спорт шеберлерімен де кездесіп, олардың тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттер құқық қорғау қызметіне арналған тақырыптық викторинаға қатысып, білімдерін де сынап көрді.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Оқуға түсу жөніндегі үгіт насихат жұмыстарын көрсеттік, сол себепті ішкі істер органдарына жас оқушыларды мынау алда келешекте оқуға түсу бағыт бағдарын көрсетіп, олар бітіргесін, қандай мамандық алатынын және де оқу барысында қандай оларға жеңілдіктер бар барлық оқу құжат мәселелерін айтып жеткіздік.
РКС: Шара №11 орта мектептің «Жас сақшы» полиция сынып оқушылары мен Көкшетау техникалық мектеп-лицейінің жас қатысушыларының патриоттық рухтағы әндерімен түйінделді. Бұдан соң қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиялары туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ