ДИКТОР: Президент пәрменіне сәйкес Ақмола облысында "Адал азамат" бағдарламасы мектептердегі білім бағдарламаларына енгізілді. Оның аясында "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша жергілікті тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен кездесіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Кезекті кездесу Зеренді ауданының білім ошақтарында өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Гүлнәр Қадырбекова Зеренді аудандық №1 орта мектебінің оқушысы. Ол апта сайын ұйымдастырылып жүрген шаралардың арқасында оқушылар арасында түсініспеушілік пен келіспеушілік жоқ,-дейді.
СНХ: ГҮЛНӘР ҚАДЫРБЕКОВА, ЗЕРЕНДІДЕГІ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Жалпы, біздің мектепте "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша өте көп іс-шара жүргізіледі. Бізге құқық қызметкерлері келіп, өздерінің лекцияларын өткізеді. Біз оқушылар білеміз біздің құқықтарымыз заңмен қорғалады.
РКС: Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс деңгейінің көрсеткішіне тоқталды. Мұнда көтерілген басты мәселенің бірі - буллинг. Бүгін бұл өзекті мәселе қоғам дертіне айналып отыр.
СНХ: ӘУЕЛБЕК ТӘКЕТОВ, ЗЕРЕНДІДЕГІ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жоғары сыныптың оқушылары, төменгі сынып оқушылары немесе қатарлас, құрбылас сыныптастырының бір-бірлерінің арасындағы бір-біріне деген әлімжеттік немесе қоқан-лоққы көрсетіп, ақша сұрау мәселесі бұның барлығы қоғамда келеңсіз жағдай болып туылып жатқан іс-әрекет болғандықтан оқушылардың арасында буллингке қарсы іс-шаралар жүргізіліп отырады. Осы буллингке қарсы мұғалімдер арнайы курстардан да өтіп келеді.
РКС: Зеренді аудандық өнер мектебінде әр апта сайын 40-қа жуық дебат клубының мүшесі "Заң және тәртіп" тақырыбы аясында пікірталас ұйымдыстырып тұрады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СӘНДІГҮЛ НҰРШӘРІП, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ДЕБАТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Зеренді білім бөлімі көптеген онлайн, офлайн конференциялар ұйымдастырып, жетекшілермен көптеген жұмыстар жасағанның арқасында қазір біздің дебат қозғалысы Ақмола облысы бойынша алдыңғы қатарда деп айта аламын. «Заң және тәртіп» аясында жалпы бала өз құқығын білуге міндетті. Сондықтан, біз тәрбиелік жылдық жоспарына енгіземіз.
РКС: Батыр Бауыржан Момышұлы кезінде «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп тегіннен-тегін айтпаса керек-ті. Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақты заңды сыйлайтын, тәртіпсіздік жасамайтын, қоғамдық орындарда ортақ ережені сақтайтын азамат етіп тәрбиелеу аға буынның парызы. Барлық қағиданы бала кезден бойға сіңіру маңызды. Бұл ретте "Адал азаматы" бағдарламасының ролі орасан екені даусыз.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ