ДИКТОР: Көкшетауда «Денсаулығы мықты отбасы – бақытты отбасы» атты мамандандырылған конференция өтті. Жиынға тәжірибелі дәрігерлер, медициналық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Ұлт саулығы – мемлекет болашағының кепілі. Кездесу барысында мамандар дерттің заманауи емдеу әдістерімен бөлісіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Жиында халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және тұрақты тексерулердің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Бұдан соң клиникалар желісі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

СНХ: МАРАЛ КЕНЖАХИМОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бұл біздің тұрғындар үшін өте маңызды. Сондай-ақ, менің кодым бойынша осы клиниканың барлық зертханалық талдауларына 30 проценттік жеңілдік қарастырылған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, СӘНИЯ ЕСІМСЕИТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ