ДИКТОР: Көкшетауда «Жастар кубогы 2025» атты әзіл-ысқақ ойындары өтті. Оған облыстың бес ауданынан келген 11 команда қатысты. Әр команда ойын барысында бір турдан өтіп, өз өнерін көрсетіп, жарыстың тартымдылығын арттырды.

РКС: Көрермендердің қызығушылығын арттыру мақсатында шара командалардың бірегей визиттік өнер көрсетуінен басталды. Қатысушылар әзілге толы қысқа сахналық көріністерін дайындап, кейбірі ерекше видеопрезентацияларымен тәнті етті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: Соңғы үш жыл ішінде ойындарға қатысушылар саны едәуір артты. Биыл сахнаға Қорғалжын, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласының командалары шығып, өз өнерлерін паш етті.

РКС: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Енді біз жылдан жылға жастар алаңына қатысушылардың ұсыныстарына қарап, ақшалай сыйақы алдыңғы жылдары, мысалы, 500 мыңға дейін болса, биыл мысалға 300, 200 және 100 мың теңге көлемінде. Бұдан бөлек, номинациялар болады, қосымша одан басқа бізде әкім кубогы бар. Жастар алаңының бұл кезеңінде төрт команда іріктеліп, ең мықтылары келесі әкім кубогына қатысуға мүмкіндік алады.

СНХ: Жыл сайын жоғары деңгейде көзге түсіп жүрген команданың бірі – Зеренді ауданының «Abay City» тобы. Қатысушылар биылғы додада бәсекелестік бұрынғыдан да күшейгенін айтады. Соған қарай жас ойыншылардың шеберлігі мен дайындығы да жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

РКС: БАТЫРБЕК ХУАН, «ABAY CITY» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Екі жыл қатарынан жүлделі орынға ие болып келеміз. Биыл да Жастар кубогына жас әрі жаңа құраммен келіп отырмыз. Барлық командаларға сәттілік тілеймін. Алдағы ойындарда жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін. Біздің балалар әрқашан үздік деп ойлаймын.

СНХ: МӨЛДІР ДҮЙСЕМБАЕВА, КӨРЕРМЕН: Жалпы мұндай мәдени іс-шаралар жастар үшін өте маңызды. Өйткені олар облыс жастарын бір ортаға біріктіріп, көңілді әзіл арқылы жақсы көңіл-күй сыйлайды. Біз Қосшы құрамасына жанкүйер болып келдік. Жеңіс тілеймін.

РКС: Ойын қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» атағы мен 50 мың теңгенің сертификаты Шортанды ауданынан келген «Шоқ қыздар» командасының ойыншысы Әсел Ақанқызына бұйырды. Көкшетау қаласының «Молодёжка» құрамасы үшінші орынға жайғасты. Көкшетаулық «Мусин жастары» күміс жүлдегер атанса, ал Зеренді ауданының «Abay City» командасы бас жүлдеге ие болып, өз жанкүйерлерін қуантты.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ