ДИКТОР: Өңірдегі медицина мекемелері заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Осының арқасында диагностика тез әрі тиімді жүргізіледі. Мемлекет медицина қызметкерлері үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Красный Яр ауылының емханасына жыл сайын жас мамандар келеді. Оларға мемлекет, сондай-ақ тәжірибелі әріптестер тарапынан да толық көмек көрсетіледі. Ақ халатты жандар көтерме ақы алады, бұдан бөлек жергілікті бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы беріледі.
СНХ: МАҚПАЛ АЙТБАЕВА, БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: Былтырғы жылы бізге екі маман келді. Бірі педиатр болса, біреуі – жалпы тәжірибелік дәрігер. Биылдыққа жаңадан тағы екі маман қосылды жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Жас мамандарымыз өз жұмыс барысында білмеген ақпараттарын тәжірибе барысында біліп келе жатыр. Үйретіп келе жатырмыз. Науқастар жағынан шағымы жоқ.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Мемлекет денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз соның айқын дәлелі.
РКС: Красный Яр ауылындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығындағы жас маманның бірі Динара Бекімова. Бұрын әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеді. Кейін өз өмірін науқастарды емдеуге және азаматтарға көмектесуге арнауға шешім қабылдап, Шоқан Уәлиханов атындағы университетіндегі медицина факультетін аяқтап шықты. Биыл осы мекемеге жұмысқа орналасты. Енді ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан 8,5 миллион теңге көлемінде көтерме ақы да алады.
СНХ: ДИНАРА БЕКІМОВА, БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ: Маған бұл мамандық ұнайды. Оған жету жолында ұзақ жыл еңбек еттім. Қазір осы емханада жұмыс істеп, адамдарға көмектескеніме қуаныштымын. Болашаққа үлкен жоспарларым бар – аса қажет мамандыққа оқуға түсіп, кардиолог болғым келеді. Қазір осы бағытта оқып жүрмін.
СНХ: ІЛИЯС МҰҚАЖАНОВ, БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ: Осы поликлиникағда алғашқы рет 2013 жылдары келіп жұмыс жасаған едім. Медбрат, фельдшер болып жұмыс жасадым. Әрі қарай өз білімімді шыңдап, Астанада оқып, қазір осы поликлиникада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс жасаймын. Өзімнің бала күнгі арманым еді, арманым осылай жақсы орындалып жатыр.
РКС: Медицина қызметкерлерінің кәсібін насихаттау және жас мамандарды медицинаға тарту мақсатында емхана «Дипломмен ауылға» бағдарламасына белсене қатысады. Осы бағдарламаның арқасында оларға баспана беріліп, қосымша ынталандыру ақылары төленеді. Бұл жас мамандарды тартуға ғана емес, сонымен қатар халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға да мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ