ДИКТОР: Астана агломерациясының экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Ақмола облысының Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдары мен Қосшы қаласы табиғи газға қосылды. Атқарылып жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылына да табиғи көгілдір отын жеткізілді. Аталған шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов арнайы қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұзындығы 226 шақырымнан асатын газ құбыры желісі сағатына шамамен 30 мың текше метр газ өткізе алады. Шамамен 5 мың үйді табиғи газбен қамтамасыз етеді.
СНХ: УӘЛИХАН ҚЫМБАТОВ, «QAZAQ GAZ AIMAQ” АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін Қоянды 6-шы елді мекен газға қосылып жатыр. Және Қосшы қаласы газдандырылған 1 ші кезеңі бүгін 7800 абонент газға қолжетімді және 2-ші, 3-ші кезең құрылыс жұмыстары әлі жүргізілуде Қосшы қаласы бойынша. 1 кезеңі, үлкен бөлігі газдандырылды. Енді Целиноград ауданы бойынша Алтынсарин мен Талапкерде 7000 тұтынушы газға қолжетімді болды, Қоянды ауылында 5000 тұтынушы. Шұбар ауылында 400, Нұрлы ауылында 1000 тұтынушы және Аққайың ауылында 300 үй.
РКС: Өңірде табиғи газбен қамту ісі қарқынды. Алдағы уақытта бірнеше аудан мен елді мекенге газ тарту жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, инфрақұрылым біртіндеп кеңейтіледі,-деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, тұрғындарды қолдауға бағытталған жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектер де қарастырылған.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 17 елдімекен Аршалы ауданында, келесі жылы тағы да 8 елдімекен Целиноград ауданында қосылады. Жалпы жаңағы Ақмола облысының 30 % тұрғындары осындай табиғи көгілдір газбен қамтылатын болады. Жеңілдік болады 20% осы газ тұтынушыларға. Және мұқтаж топтарға 70 мрп беріледі осы үйге газ қосуға. Сондай-сондай үлкен қомақты жұмыстар болады.
РКС: Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының тұрмысын айтарлықтай жеңілдетіп, коммуналдық қызметтердің сапасын арттырмақ. Өңірде атқарылып жатқан шаралар ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың күнделікті өмірін біршама жеңілдетуде.
СНХ: СӘУЛЕ АЙНАБАЕВА, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күн өте қуанышты күн, ақ түйенің қарны жарылып біздің ауылға газ келіп жатыр. Бұрын көмірмен отырушы едік, көмір дегенің өте қиын нарсе бірде жақсысы түседі, бірде жаманы түседі, оны кіргізіп шығару барлығы қиын еді, енді жеңіл және жылу беретін газға қолымыз жетіп өте қуанышты болып отырмыз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әбішовтер әулеті 2010 жылдан бері осы ауылда тұрады. Үй иелері көптен күткен газдың берілгеніне қуанып, алғысы мен ризашылығын жеткізді.
СНХ: АРДАҚ ӘБІШЕВА, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күнге дейін көмір, отын жағып келдік. Көгілдір отын бірінші рет. Ауылға, тұрғындарға барлығына жылулық сыйласын. Президентке осы тездетіп бізге көгілдір отынымызды бергені үшін, басқа да азаматтарға жүгіріп осыны тезірек, жаңа жылға дейін көгілдір отпен қуантып жатқандарына рахмет айтамыз.
РКС: Айта кетейік, биыл Целиноград ауданы бойынша 6 мекенге көгілдір отын жеткізілді. Алдағы жылы тағы 3 ауылды орталықтандырылған табиғи газбен қамту жұмысы жоспарланған. Олардың қатарында Қызылсуат, Қаражар және Қараөткел ауылдары бар.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ